Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал бір ғана тыңдарманына ән шырқап, билеп концерт қойып берді (фото, видео)

Әнші Кентал өзінің бейнебаянына түскен Дина есімді балақайға концерт қойып, көңілін аулады. Бұл үшін балақайдың анасы әншілерге алғысын білдіріп, түсірілім барысында жылап алғанын да айтты.

image

Фото: instagram.com/kentalkz/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Елімізге танымал әнші Кентал өзінің жаңа бейнебаянына режиссер белгі берген кезде бірден жылай алатын қыз іздеп жүргені туралы хабарлаған болатынбыз. Әнші көп уақыт өтпей-ақ іздегенін тауып, туындысына Дина есімді үш жасар қызды түсірген. Бейнебаян түсіріліп жатқан “Өкінішті” әнін Сандамен бірігіп орындайды. Басты рөлдерді де өздері сомдайды.

Түсірілім жұмыстары таңғы жетіден кешкі жетіге дейін созылған уақыттар болған. Табиғи жаңбырдың астында түсіргендіктен, әнші суықтап қалған. Тіпті ауруханаға баруға мәжбүр болған.

“Психологиялық әрі физикалық тұрғыдан оңай болмады. Таңғы сағат жетіден, кешкі жетіге дейін жүрдік. Бірақ біздің қолымыздан келді. Еңбегіміз еш кетпейді деген үміттемін. Ең бастысы, халық дұрыс қабылдап, жеткізбек болған ойымызды түсінеді деп үміттенемін. Отбасыларыңызға қамқор болыңыздар. Әр шаңыраққа тек бақыт тілеймін!” – деп Кентал кезекті бейнебаянының түсірілім жұмыстары қиынға соққанын айтты.

13129627_1127562940615798_1750802161_n

13118292_172428709823789_1687349669_n

Ал Санда керісінше түсірілімнің ұзаққа созылғанына қарамастан, өзіне ұнағандығын айтады. Әсіресе үнді фильмдеріндегідей драмалық сәттер.

“Бұл суретте шаршап тұрған сияқтымын ба? Меніңше, керісінше, ол өзіне риза болып тұр. Өйткені мен жұмысқа толықтай беріліп, қанша қиналсам да, түсірілім алаңында жүргенді ұнатамын. Камера қосылған кезде мен басқа әлемге еніп, өзіме қуаныш сыйлайтын дүниелермен айналысамын”, – дейді Санда.

Түсірілім жұмыстары тым ұзаққа созылғандықтан, Кентал арасында кішкене кейіпкердің көңілін аулап, оған арнап концерт те қойып берген. Әншілер еңбегінің елеуге тұрарлық екенін балақайдың анасы тілге тиек етті.

А в перерывах Динку развлекали как только могли😄 #динокартина

Видео опубликовано Айгуль (@ai.did)

Разве тут уснешь😄 #кентал #санда #съемкиклипа #жаль #динокартина

Видео опубликовано Айгуль (@ai.did)

“Түсірілім барысында Дина өзін жақсы ұстады. Бір реттен болмаса да, ол кешкі жетіден таңғы алтыға дейін көз ілмей, өзіне тиесілі рөлді сомдап шықты. Кей көріністі көруге дәтім шыдамай, құлағымды қолыммен басып, жылап алған сәттерім болды. Тіпті ұсыныстан бас тартып, Динаны алып кеткім келді. Бірақ біз соңына дейін шыдаммен төзіп бердік. Артистер үшін бейнебаян түсірудің өте қиын жұмыс екенін түсіндім. Түсірілім командасы үшін де оңайға соқпады. Мұншалықты қиын болады деп ойламаған едім. Бірақ бұл нағыз өнер. Қандай жағдай болмасын, оған қызымның қатысы бар екеніне қуанамын. Бізді шақырғандарыңызға шын жүректен қуаныштымын. Санда тәте, Талғат аға, сіздерге көп рахмет!” – деп балақайдың анасы қызына концерт қойып бергендері үшін де алғысын білдірді.

Были очень тяжёлые съемки до 8 утра и самый большой герой это наша дочь @ai.did ❤️ #Repost @revuenews with @repostapp. ・・・ #дәлқазір Кентал @kentalkz мен Санда @sanda_singer жаңа бейнебаянның түсірілімін бастады. Өкінішке толы өмірді суреттейтін клип “Жаль” деп аталады. Толығырақ #Ревю бағдарламасының алдағы бөлімдерінде біле аласыздар… #прямосейчас! Кентал, Санда и их маленькая дочь встретились после расставания! Съемки клипа #Жаль… Все подробности в ближайшем выпуске #РЕВЮ на #НТК! #новости #news

Видео опубликовано 9 лет на сцене (@kentalkz)

Әнші Кентал Динаның алдында ән айтып, би билеп, тіпті аспапта ойнайды.

“Өкінішті” атты орыс тіліндегі әнге түсірілген бейнебаянның қашан жарық көретіні белгісіз. Әзірге түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз:

Әнші Кентал мұрнына пластикалық ота жасатты

Тыңдарманы Кенталдың микрофонын тартып алып бермей қойған

Кентал еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті

Әнші Кентал көшеде кездескен қыздардың барлығын құшақтап шықты

Талқылау