Қазақтың салт-дәстүрлері Ислам дініне қайшы ма

Сәрсенбі, 30 Қараша , 2016 15:45

Қазақ халқы дәстүр мен мәдениетке аса бай. Дәстүр-ұлт руханиятының асыл қазынасы іспетті. Халқымыздың салты мен дәстүрі ғасырлар бойы жинақталған рухани қазына десек болады.

tusau_1_2015_foto

Салт-дәстүріміз сан ғасырларда қалыптасып, жетіліп, дәуірлердің сынынан сүрінбей өтіп, бүгінгі ұрпақ бізге жетті.

Дәстүрге бай халық қашанда мәдениетке бай болады. Дәстүр мен мәдениеттің тоғысы бір. Арнасы мен сағасы салалас. Қазақ халқының салт-санасының қай түрін алсаңызда, ислам мен үндестігін байқаймыз.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің «Дін мен дәстүр» атты еңбегінің жарыққа шығуы асыл дінімізбен қазақ халқының салт-санасының дінімізбен үндестігін терең тарқата білген, аса құнды еңбек. Дін мен дәстүр жайлы бұл аталған еңбек таным көкжиегін кеңейте түсері хақ.

Елбасымыз өз сөзінде «Адамның санасында діни және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады» деді. Ұлттық сана мен дін адам санасында өзара үндестікте.

Құран Кәрімде Алла Тағала ешқашанда әр ұлттың өз салтына тиым салмаған,  қайта Алланы ұмытпауды, өзіне құлшылық жасауды ғана талап еткен. Өйткені Алла Тағала тек рухани мөлдір тазалықты ғана бағалайды және  ниетті басты негіз еткен.

Алла Тағала өз пендесіне: «Кешірімді бол, ғұрыпқа бұйыр және надандардан жырақ бол» – деп әмір етеді. Яғни бұл жерде сол ұлттың салтымен санасуды, дәстүрін құрметтеуді бұйырып тұр деп түсінуге болады.

Алла Тағала Қасиетті Құранкәрімнің  «Хужурат» сүресінде: «Ей адамдар! Мен сендерді бір еркек, бір әйелден жараттым және сендерді бір-бірлеріңді танысын деп, бір-бірлеріңді білсін деп сендерді ұлттар және ұлыстар етіп жараттық» дейді. Бұл аяттардың астарында ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігі мен салт-санасына құрметпен қарау жатыр. Ұлт болғасын оның өзіне тән салт мен ғұрпы болары анық.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің Солиб деген сахабасына: «Әй, Солиб! Жақсы істеріңді Ислам дәуірінде де жалғастыр, жұртқа жақсылық жаса, туған-туысқандарыңмен қарым-қатынасыңды орнат, көршілеріңмен жақсы тұр, қонағыңды сыйла»-дедген.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисіндегі: «Үлкендеріңіз үшін орындарыңыздан тұрыңыздар!», «Кішілерге мейірім, үлкендерге құрмет көрсетпеген бізден емес» (Тирмизи)-деген сөзі халқымыздың үлкенді сыйлау туралы ұлағатты тағылымымен үндесіп жатыр.

Ұлтымыздың ұлы ғұламалары да ұлтымыздың салт санасын оның тәрбиелік маңызын ұлықтап, насихаттап өткен.

Халқымызды «Дәстүрдің озығы мен тозығы бар» деген аталы сөз бар. Біз дәстүріміздің озығынан үйреніп, сол арқылы түрлі теріс діни ағымдардың алдын кесіп, дәстүр мәдениетіміздің жауһарын ұрпақтарға аманат етіп кетуіміз керек.

ИбраҺим қажы Қарнақбайұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, «Мұхамади» мешітінің бас имамы

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та ер адам өзінің 10 апталық қызын зорлап өлтірген

Шариғатта бала кезінде атастырылып қойған екі жастың үйленуі міндетті ме

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Дінде аң терісінен тон кию күнә ма

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар