Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың құрты қытайлықтарды тамсандырды

Қазақтың ұлттық тағамдары қымыз бен құртты қытайлық кәсіпкерлер зертханалық сараптамадан өткізіп, жоғары сапалы өнім түріне жатқызды. Бұған дейін қымыз өндірісімен танымал болған Павлодардың «Сағып» шаруа қожалығы енді құрт жасауды қолға алды.

2

Сурет: natige.kz 

Сағып қымызы бүгінде Астанадағы 8 ірі супермаркетте, сондай-ақ Мәскеудегі қазақ өнімдері саудаланатын дүкенде сатылады. Ешбір қоспасы жоқ, табиғи өнімге қызыққан Қытай кәсіпкерлері мол көлемді тапсырыс беріп отыр.

Сұраныстың артуы шаруашылық ауқымын кеңейтуге міндеттеп отыр. «Енді жылқымен қатар сауын сиырлар алып, құрт-ірімшік өндірісіне мықтап кірісеміз», – дейді кәсіпкер.

Бір қызығы, қытайлардың жүрегін жаулаған құрт кәдімгі әжелерімізден жеткен көне әдіспен қарапайым түрде дайындалады.

“Қазіргі сәтте біз құрттың екі түрін істеп жатырмыз. Бірі – шайға арналған тәтті құрт, екіншісі сорпаға арналған ащы құрт болып саналады. Бұл құрттар ерте заманнан келе жатқан апа-әжелеріміздің технология бойынша жасалады”, – шаруа қожалық маманы Махбұл Азамат.

“Осы Қытай елінен келген кәсіпкерлер біздің өнімдерге өте үлкен қызығушылық танытып отыр. Ең бірінші өнімдеріміздің бірінші партиясын 220 литр қымызбен 60 келі құртымыз Қытай еліне өтіп, одан сертификаттан өз жақтарынан өткізіп содан олар қызығушылық танытып отыр, – шаруа қожалық басшысы Төлеу Құшманова.

Талқылау