Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың кәсіпқой боксшысы әке атанып, тұңғышына Қонаевтың есімін берді

Қазақтың кәсіпқой боксшысы Бекман Сойылбаев әке атанып, тұңғышына Қонаевтың есімін берді.

20160714092117

Бұл туралы diamondring.kz хабарлады.

Аталған мәліметке сүйенсек, жас отбасының тұңғыштары 6 шілде күні таңғы сағат 05:30-да дүниеге келген. Жас жұбайлар ұлдарының атын Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне арнап Димаш деп қойыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Бекман мен Мөлдір былтыр қазан айында неке қиып, шаңырақ құрған болатын.

Бекман Сойлыбаев – EPBC WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атақтың иегері.

Талқылау