Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген боксшы қыздар (фото)

Сейсенбі, 31 Мамыр , 2016 16:27

Ақылына көркі сай демекші, бұл бойжеткендердің бойында сұлулық пен зеректік өзара үйлесім тапқан. Тұла бойы мінсіз, ал боксқа деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі шексіз. Олар – Қазақстанның көк туын әлемнің шаршы алаңында желбіретіп, елдің еңсесін көтере білген арулар.

photo_65136

Халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, еліміздің намысын қорғаған ең үздік боксшыларды ұсынамыз.

Зарина Цолоева

Спортшы бойжеткен Ақмола облысының Жақсы кентінде дүниеге келген. Жастайынан спортпен шұғылданған. Ол волейбол спортымен төрт жыл қатарынан айналысып, әлем чемпионы атанған. 16 жасынан бастап кәсіби бокспен айналыса бастаған Зарина 2011, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2014 жылы финалда ол Олимпиада ойыншысы Саида Хасенованы жеңген болатын. Желі қолданушылары Зарина Цолоеваны танымал актриса Анджелина Джолиге ұқсатқан. 2016 жылы Астанада өткен чемпионатта Келли Харингтоннан жеңіліп қалды.

Биылғы жылдың 29 наурызында боксшыны танымал актриса Анджелина Джолиге ұқсатты. Десе де, боксшы Зарина сырт келбеттері ұқсағанымен, екеуінің өз алдына қалыптасып үлгерген тұлға екендіктерін айтады.

“Бұл актрисаның сұлулығына тамсана қарайтынымды жасырмаймын. Көптеген қыз оған ұқсағысы келеді. Ал біз екеуіміз айтарлықтай ұқсаймыз деп айта алмаймын. Кей жерлеріміз келетін шығар, бірақ біз бір адам емеспіз. Мені оған ұқсатқан кезде іштей масаттанып та қаламын. “Мистер және Миссис Смит” фильмін ерекше жақсы көремін”, – дейді бойжеткен Vesti.kz басылымына берген сұхбатында.

3

Назым Қызайбай

Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай 1993 жылы 14 қыркүйекте Алматы облысы, Жетіген ауылында дүниеге келген. Бойжеткеннің отбасында үш бала бар. 22 жастағы боксшы салауатты өмір салтын ұстанады. Бала күнінде жаттықтырушылардың бірі оны көшеден байқап қалып, боксқа қабілетінің бар екенін айтқан. Осылайша алғаш рет жаттығу залына келеді. 16 жасында Қазақстанда ересектер арасындағы чемпионатты жеңіп алады. 2016 жылғы әлем чемпионатында финалдық бәсекелесте ол 48 келі салмақпен қытайлық Ванг Юаньді 3:0 есебімен ұтты.

Көпшілік боксшы қыздардың түр-тұлғасының жігіттерге ұқсайтынын айтады. Біріне бұл теңеу ұнаса, енді екіншілерінің көңілінен шықпай жатады. Десе де, Назым Қызайбайға кең шалбар киіп, шашын қысқа етіп кестірген ұнайды екен.

Бір қызығы спорт мектебіне келмей тұрып бойжеткеннің шаш ұзындығы беліне жеткен.

“Бала күнімде шашымның дәл қазіргідей қысқа болғаны есімде. Шашымды үшінші сыныптан бастап өсіре бастадым. Спорт мектебіне келген соң беліме жеткен шашымды қидым. Бірақ қазіргі шашым өзіме ұнайды. Көп адам ұзын шаштың жарасатындығын айтса да, мені осы күйімде қабылдай білгендерін қалаймын”, – дейді Назым Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

22

Дина Жоламан

Қазақстандық боксшы Дина Жоламан 1992 жылы 31 қазанда Ақмолада дүниеге келген. 54 кг салмақ дәрежесіндегі боксшының жаттықтырушысы – Александр Высоцкий. Ол 2012, 2013, 2015 жылдары үздік нәтиже көрсеткен. 2016 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында екінші рет алтын медаль алып келді. Аталған чемпионатта шаршы алаңға болгариялық Стойка Петровамен шығып, оны 3:0 есебімен ұтқан. Бойжеткен чемпионаттың жоғары деңгейде өткенін айтады.

“Әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ең мықты деген боксшылар Астанаға келіп, көптің чемпионатқа деген қызығушылығын арттыра түскен. Құдайға шүкір, өзімнің алғашқы кездесуімде жеңіске жеттім. Әрине, қарсыласымның мықты болғанын жасыра алмаймын. Бірақ мен өз мәнерімде жұдырықтаса білдім. Енді бар назарымды келесі қарсыласымды зерттеуге арнайтын боламын”, – дейді Дина Жоламан Sports.kz басылымына берген сұхбатында.

valentina-halzova-e1464326189670

Валентина Хальзова

Валентина Хальзова 1997 жылы 16 қаңтарда Астана қаласында дүниеге келген. 2013 жылы өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылы Спартакиада қола жүлдесінің иегері. 2016 жылғы Қазақстан чемпионы. 69 кг салмақ дәрежесінде күш сынасатын Валентина Хальзова Астанада өткен әйелдер арасындағы чемпионатта қытайлық Гу Хонмен жекпе-жекке шыққан болатын. Алғашқы раунда аспан асты елінің спортшысы басым түссе, екі раунда үш рефердің екеуі бойжеткенге жеңіс берген. Артынша үшінші раундта да басым түседі. Екі рефер боксшылардың тең түскенін айтса, үшіншісі Валентинаны жеңімпаз деп атаған.

Валентина Хользова әр адамның өз әлін бағамдай білуі де өнер дейтін боксшылардың бірі. Ол әрдайым өзінің кемші және артық тұстарын айтып отырады.

“Қарсы алдымда тұрған боксшыны нокаутқа түсіргім келді. Бірақ тәжірибем жетпеген сыңайлы. Мұнымен қатар, жеңіске жеткім келді. Қарсыласым өте мықты болды. Мұны толықтай мойындаймын. Мен қандай да мықты боксшымен жұдырықтассам да, әлем чемпионатында әрдайым жеңіске жетуім керек”, – дейді Валентина Хользова Kfb.kz басылымына берген сұхбатында.

00000

Жайна Шекербекова

Жайна Шекербекова 1989 жылы 17 қыркүйекте ОҚО-да дүние келген. 51 кг салмақ дәрежесінде күш сынасатын арудың жаттықтырушысы – Владимир Ничай. 2010 жылы Азия чемпионы, 2013 жылы ҚР чемпионы, 2013 жылы Польшада Феликс Штамның құрметіне орай ұйымдастырылған халықаралық турнирдің жеңімпазы. 2014 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдесінің иегері. 2015 жылғы Спартакиаданың чемпионы. Биыл Астанада өткен әлем чемпионатында ширек финалда Шекербекова Германиядан келген Азиза Нимани есімді боксшымен қолғап түйістіріп, 3:0 есебімен жеңді. Жайнаның ұтып алған Олимпиада жолдамасы – әйелдер боксындағы екінші лицензия.

Қазақстандағы боксшы қыздар көпшіліктің өздерін ер адамға ұқсататынын жасырмайды. Десе де, бұл олардың көңілдеріне тимейтін сыңайлы. Жайна боксты тек ер адамдарға тән спорт деп білетіндердің сөзін ақымақтыққа балайды.

“Қазақстандағы бокс шеберлері (әйелдер) өздерінің еңбексүйгіштігімен, жеңіске құмарлығымен танымал. Соңғы жылдарда Қазақстан аталған спорт түрінен Қытай мен Ресейдің дәрежесіне жетіп үлгерді. Бұл шаршы алаңдағы әріптестерімнің арқасы деп білемін. Қазақстанда бокстың тек ер азаматтарға тән екені жиі айтылады. Бұл қате. Қазақстанға Жанна Дарк секілді батыр қыздар артық болмайды деп ойлаймын”, – деп Жайна Шекербекова Kfb.kz басылымына берген сұхбатында жанкүйерлерден барша қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетуді сұрады.

19 www

Айжан Қожабекова

Спортшы 1995 жылы 18 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Жеке жаттықтырушысы – Елдос Сайдалин. Әртүрлі салмақта ҚР-ның чемпионы, Астана кубогінің вице-чемпионы. Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы. Биыл 57 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Қожабекова жартылай финалда үндістандық боксшы Соне Лотерден 0:3 есебімен жеңілді.

Әрбір спортшыға туған-туысқандарынан, сүйіктісінен бөлек, халқы қолдау көрсетіп отырады. Мұны алғаш рет кәсіби боксшымен жұдырықтасқан Айжан Қожабекова да мойындайды.

“Жаттықтырушылардың үмітін ақтау үшін, барымды салдым. Қателіктер де болды. Бірақ бұл боксқа тән дүние. Келесі кездесулерде оларды жібермеуге тырысамын. Қарсыласым мықты боксшы болды. Сондықтан шаршы алаңда біраз тер төгуіме тура келді. Болашақта бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізгім келеді. Әрине, кәсіби боксшылармен жұдырықтасудың оңайға соқпайтынын түсінемін. Десе де, маған үнемі қолдау көрсететін жанкүйерлерім бар ғой. Оларға алғыс айтамын”, – дейді Айжан Қожабекова Sports.kz басылымына берген сұхбатында.

18 confederation

Ләззат Күнгейбаева

Бойжеткен 1987 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. Жеке жаттықтырушысы – Бейбіт Масабаев. 2014 жылғы әлем чемпионатының вице-чемпионы, 2015, 2012 жж Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2013, 2014 және 2015 жж ҚР чемпионы. 2016 жылы Астанада өткен чемпионатта 81 кг салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп, Қазақстанға төртінші алтын медальды алып келді. Оның қарсыласы америкалық Шейдайсия Грин болған. 3:0 есебімен оны жеңіп алады.

Мансап пен спорттың қыз баланың отбасылық өмірде өз орнын тауып, тұрмысқа ерте шығуына кедергі жасайтыны сөзсіз. Әдетте бойжеткендерге ата-аналары бокспен айналысуға тыйым салып жатады. Бірақ Ләззат Күнгейбаеваның отбасында барлығы керісінше екен. Ләззаттан бөлек үш қыз тәрбиелеп отырғандықтан, оны тұрмысқа шығуға асықтырмайтын көрінеді.

“Әке-шешем спортпен айналысқанымды ұнатады. Мен спортпен өте кеш айналыса бастадым. Шамамен 19 жасымда. Оның өзінде бірінші бокспен емес, күреспен айналыстым. Ол жерге әкем алып барды, ал анам кимоно сатып алып берді. “Барып жаттық” деді. Олардың көңілін қалдырғым келмегендіктен, секцияға тұрақты түрде барып жүрдім. Артынша боксты таңдадым. Менің отбасымда төрт қыз бар. Әпкелерім тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкеліп үлгерді. Сондықтан әке-шешем мені немере керек деп асықтырмайды. Олар бағатын бүлдіршіндер бар. “Ал маған керісінше “Спортпен айналысып, биік шыңдарды бағындыр. Өмірің өзіңе тиесілі болғандықтан, шешімді тек өзің қабылда” деп айтады”, – дейді Ләззат Күнгейбаева Sports.kz басылымына берген сұхбатында.


Жіберіп алмаңыз:

Ақылына көркі сай қазақстандық спортшы қыздар

Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді

Қазақстандық боксшы Дина Жоламан әлем чемпионы атанды

Назым Қызайбай: Ұзын бұрымыммен спорт мектебіне келгенде қош айтыстым

Назым Қызайбай: Жігіттермен жұдырықтасқан кездерім болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар