Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақылына көркі сай қазақстандық спортшы қыздар

Ақылына көркі сай демекші, бұл бойжеткендердің бойында сұлулық пен зеректік өзара үйлесім тапқан. Тұла бойы мінсіз, ал спортқа деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі шексіз.

image

Фото: instagram.com/valeria_tsoy/

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова күтпеген жерден танымалдылыққа қол жеткізді. Тайбэйде 17 рет өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында оны жарыстың ең сұлу бойжеткені деп атады. Бойы 182 см болатын спортшының аяқ өлшемі – 124 см. Аниме фильмдердің кейіпкеріне ұқсайтын Сәбина Алтынбекова туралы Қытай, Тайвань мен Жапония журналистері жарысып мақала жазған-ды.

5

Фото: instagram.com/altynbekova_20/?hl=ru

2

3

4

6

1

Зарина Дияс

Қазақстандық кәсіби теннисші Зарина әйелдер арасында бес рет қатарынан ITF турнирінің жеңімпазы атанды. ITF – беделі жағынан әйелдер арасындағы теннисте екінші орында тұратын сайыс. Зарина Дияс 2008 жылы алғаш рет Australian Open аналогында жеңімпаз атанған. Алты жылдан кейін арманына қол жеткізіп, ересектер арасындағы кәсіби байқауға өтеді. Australian Open жарысында спортшы қатарынан бес матчты жеңіп, үшінші раундқа жолдама алған-ды. Аталған жарыста ресейлік спортшы Марина Шараповамен бақ сынаған.

9

Фото: instagram.com/zarinadiyas/?hl=ru

11

12

10

7

 

Валерия Цой

25 жастағы Өскемен қаласының тумасы спортшылар отбасында дүниеге келген. Анасы – гимнаст, ал әкесі – тау шаңғысы спортының шебері. Валерияны сноуборд спортына әкесі баулыған. Спортшы өзінің өміріндегі алғашқы сайысын 2006 жылы Еуропа мен Германия Кубогында өткізген. Қаржы жеткіліксіздігі салдарынан Ванкуверде өткен Олимпиадаға қатыса алмаса да, 2014 жылы Сочиге барған болатын. Валерия 2018 жылы Кореяда өтетін сайысқа қызу дайындалып жүр.

5

Фото: instagram.com/valeria_tsoy/

3

4

2

1

Назым Қызайбай

Жасөспірімдер арасындағы сайыстың қола жүлдегері Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионы атанған-ды. Қытайда үшінші орын алған бойжеткен, Кореяда өткен чемпионатта алтынға қол жеткізеді. Назымның отбасында алты бала бар, дәл қазір Іле ауданы Жетіген ауылында тұрып жатыр. Спортшы өзінің талантының арқасында Алматылық клуб жаттықтырушысының көзіне түсіп, үлкен спортқа жолдама алған. Дәл қазір Назым 2016 жылы өтетін Бразилия Олимпиадасына дайындалып жүр.

12519615_1710118552537385_383770444_n

Фото: instagram.com/nazym_kyzaibay/?hl=ru

12555861_1070530982999358_329455752_n

Эльмира Айғалиева

1992 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Эльмира ішкі жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан жасөспірімдер командасына қабылданады. Команда құрамында жүріп Айғалиева Азия чемпионы атанған болатын.

2

Фото: vesti.kz

m.vesti.kz

Фото: ztb.kz

orehi.tv

Фото: orehi.tv

Зарина Цолоева

Спортшы бойжеткен Ақмола облысы Жақсы кентінде дүниеге келген. Жастайынан спортпен шұғылданған. Волейбол спортымен төрт жыл қатарынан айналысып, әлем чемпионы атанған. 16 жасынан бастап кәсіби бокспен айналыса бастаған Зарина 2011, 2014 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2014 жылы финалда ол Олимпиада ойыншысы Саида Хасенованы жеңген болатын. Желі қолданушылары Зарина Цолоеваны танымал актриса Анджелина Джолиге ұқсатқан.

image

Фото: instagram.com/zarinatsoloeva/

12599380_190665621289415_934296597_n

12353451_1562691517377332_840784200_n

12407305_1121489194557723_1171648389_n

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық спортшы қыздың тыр жалаңаш фототүсірілімге қатысқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау