Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай: Жігіттермен жұдырықтасқан кездерім болған

Сүйкімді арудың жүзіне қарап құрдастарымен жұдырықтасады деп айту қиын. Алайда Назым Қызайбай қатарластарының ішінде өзіне тең келетін боксшының жоқ екенін шаршы алаңда дәлелдеген болатын.

STfIienW01s

Бүгін Stan.kz тілшісі Назым Қызайбай тәрбие алған спорт мектебінде қонақта болып, боксшы қыздың әңгімесін тыңдап қайтты.

2014 жылы жартылай финалда жапон қызы Мадоку Ваданы, ал финалда үнді қызы Сарджубала Шамджетсабамды жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Назым дүниеге келген кезде әкесі ұл бала болады деп күткен екен. Осыны білген соң боксшы аруымыз өзін ұл баладай сезініп, қыздар қуыршақ ойнап жүрген кезде, асық атып, фишка ойнап жүрген. Кішкентай кезінде інісімен бірге жүріп жігіттермен төбелесетін кездерінің болғанын да жасырмады. «Есейген шағымда осы спорт мектебінің ашылғандығы туралы ағам айтты. Бастапқыда баскетбол үйірмесіне қатысқым келген. Артынша айнып, осы спорт түріне ауыстым. Отбасым еш қарсы болмады».

Рио де Жанейро олимпиадасына дайындығы туралы сұрағанымызда: «Бұлшық еттерімнің күшін арттыру үшін аздап салмақ қосуым қажет. Қазір салмағым – 49 кг. Жаттығуларым ойдағыдай, Қазақстан біріншілігіне дайындалып жатырмын. Кейін басқа жарыстарға да дайындаламын». Мұнымен қатар, спорттағы жетістіктерінің барлығы жаттықтырушысы Өмірзақов Жұмабек мырзаның арқасында екенін атап өтті.

EKpXDtOktfg

lVxoNnFM99k

Сырт келбеті де, өзі де нәзік аруымыз жақын достарының да спорт саласында жүргенін айтып, қандай әдебиеттер оқитынымен бөлісті. Өзінің айтуынша, адамды жеңіске жетелейтін психологиялық кітаптар мен Ошоның, Уильям Шекспирдың қанатты сөздері мен туындыларын оқығанды жақсы көреді екен.

Болашаққа бағытталған жоспарлары туралы сұрағанымызда, бұл спорт түрімен 27 жасқа дейін ғана айналқысы келетінін, әлемнің қанша сұлу қалаларын араласа да, Алматыға ешнәрсе тең келмейтінін тілге тиек етті.

– Әр қарсылас өзінше мықты болады. Бірақ ең қиын кездесу 2012 жылы әлем біріншілігінде америкалық боксшымен болған еді. Ол кезде қатты қобалжыдым. Мүмкін ұйқымның қанбағандығының да әсері болар. Бұдан өзге, биіктіктен қатты қорқатыным бар.

Fyr0b2wOyds

90BaU0uLd2c

Алғашқы махаббаты туралы сұрағанымызда: «Әрине, алғашқы махаббатым есімде. Ол Әлихан есімді бала болатын. Оны 3 жыл жақсы көрдім», – деп сырын ақтарып сала берді.

Назымның өмірлік ұстанымы – «Адам баласының бойында, ең алдымен, арманы мен мақсаты болуы керек. Осылар бар кезде адам барлығына қол жеткізе алады».

Талқылау