Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары қазақ тілін жақсы біледі

Сауалнама нәтижелесі Атырау облысында қазақ тілін меңгеру деңгейі елдің басқа өңірлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары екенін көрсетті.

Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары қазақ тілін жақсы біледі

Атырау облысының облыстық байланыс қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық әкімдіктің тілдерді дамыту бөлімі “Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары қазақ тілін жақсы біледі?” тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізуге тапсырыс берген. Аталған сауалнамаға сегіз жүздей адам қатысты. Сауалнамалар Атырауда, сондай-ақ, облыстың жеті ауданында жүргізілді.

«Сауалнамаға сәйкес, облыста мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі ең жоғары болып табылады. Мемлекеттік тілде сөйлейтін ересектердің үлесі – 96,9%, оның ішінде 64,1% қазақ тілінде еркін сөйлейді, ал 32,8%-ы білімі орташа деңгейде”,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл өңірде ағылшын тілін білетін ересектердің үлесі 15,3%, ал үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілінде сөйлей алатындардың үлесі- 12,1%.

Сонымен бірге, сауалнамаға қатысушылар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне қатысты да өз көзқарастарын білдірді. Респонденттердің 36,7% -ы қазақ тілін латын әліпбиімен үйрену айтарлықтай қиын болады деген ойда, бірақ олар бұл реформаны қолдауға ниет білдірді.

Ал, орташа жастағы респонденттердің 28,5% -ы және жоғары білімі бар жастар реформаға қызығушылық танытып, латын жазуын үйрену оңай болатынын айтты.

Зерттеу көрсеткендей, сауалнамаға қатысқандардың 85,8% -ы елде үш тілде білім беру саясатын қолдайды, ал 71,1% -ы бұл реформаны тиімді деп санайды.


Тіл туралы 7 өлең

Талқылау