Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты республиканың үш өңірінде дауылды ескерту жариялады. 21 сәуірде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түсіп, екпінді жел соғып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.

Қазақстанның үш өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сондай-ақ, республиканың кей өңірлерінде найзағай ойнап, жел күшейіп, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында жылдамдығы 23-28 м/с жел тұрып, кей жерлерінде тұман түседі. Осыған байланысты мұз қабатының күрт бұзылуы, Есіл, Қызылжар ауданы, Петропавл аумағында су деңгейі 940 см дейін күрт көтерілуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады деп күтілуде. Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықта екпінді жел соғады.

Ал Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы күшейеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде де қатты жел соғады. Атырау облысының кей жерлерінде  найзағай ойнап, күндіз жел екпіні күшейеді. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстік Қазақстандағы отбасылар еліміздің солтүстік өңіріне көшуге дайындалуда

Ақтөбеде есірткі мафиясының атышулы серкелері ұсталды

Алматы облысында Көлсай тауларының орнынан жылжуының себебі белгілі болды

Шымкентте жоғалып кеткен қыз смартфонға ақша табу үшін үйінен кеткен болуы мүмкін

 

Талқылау