Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Көлсай тауларының орнынан жылжуының себебі белгілі болды

Тау бірнеше күннен бергі жауын мен жиі болатын зілзала салдарынан қозғала бастапты. Жоталар кешеден бері тоқтаусыз жылжып, кеше Ұлттық паркке баратын жолды басып қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматы облысында Көлсай тауларының көшу себебі белгілі болды

Жұртты шошытқан сырғыманың ұзындығы 1 жарым шақырымға дейін жетеді. Ал, биіктігі 50 метрдей. Сондықтан, тау көшуін мамандардың күшпен тоқтата алмасы анық. Ол Саты өзеніне қарай бағыт алған. Сырғыма сағатына 3 метрге жылжып келе жатыр. Ол әйгілі Көлсайға баратын жолды жауып тастаған соң, бүгін қозғалыс тоқтады. Қазір көшкін жолдың 400 метрін және 4 электр бағанын басып қалыпты. Сондықтан, Көлсай көлдеріндегі демалыс орындары жарықтан қағылған. Сондай-ақ, бүтін бір ауыл аралда қалғандай еш жерге шыға алмай отыр. Тау массасы жақын жердегі малшының үйін де басып қала жаздапты. Әйтеуір, ондағы тұрғындар дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріліп үлгерді. Адам шығыны жоқ. Қазір Райымбек ауданының шенеуніктері де, құтқарушылар да тайлы-тұяғымен оқиға орнында жүр. Ал, қауіптің әзір сейілетін түрі жоқ.

«2018 жылдың басынан бастап Алматы облысында 6 жер сілкінісі тіркелді. Соның әсері және жауын-шашынның әсері деп отырмыз. Қазіргі күнде сырғыма әлі тоқтаған жоқ. Сырғыма қаупі шектелгенше жол жабық тұрады. Қазір ол жерде кезекшілік ұйымдастырылған», – дейді «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бас инженері Айдос Сапарбаев.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте жоғалып кеткен қыз смартфонға ақша табу үшін үйінен кеткен болуы мүмкін

Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Прокурорлар ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы түрмеде VIP-камерада отыр дегенге қатысты жауап берді

Талқылау