Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалып кеткен қыз смартфонға ақша табу үшін үйінен кеткен болуы мүмкін

Шымкентте 9 сыныптың оқушысы жоғалды. Сайрам ауылында тұратын 15 жастағы  Роза Расулметованың үйінен шығып кеткеніне 18 күн болған. Үйіндегілерге көйлек пен қымбат смартфон сатып әперуді өтінген жеткіншек, өзі жұмыс істеуге де құлшыныс білдірген, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Бірақ, әке-шешесі рұқсат бермепті. Сондықтан қыздың отбасы Роза Шымкент не болмаса Алматыға айтпай кетіп қалуы мүмкін деп топшылайды.

Роза Расулметованың жақындарында 3 аптаға жуық уақыттан бері  бері не ұйқы не күлкі жоқ. 9 сыныпта оқитын жеткіншек сәуірдің 2-сіне үйінен шығып кетіп, қайта келмепті. Алғашында құрбыларында әлде туыстарда болар деп ата-анасы уайым жемеген. Сондықтан, полицейлерге тек 3 күннен соң ғана хабар берген екен. Анасы Роза соңғы уақытта қымбат смартфон мен кешкі көйлек сатып әперуін өтініп, тіпті жұмыс істеуге сұранып жүрген дейді.

“Жұмыс істеймін деді. Саған болмайды дедім. Сен әлі 16-ға шықпадың, 15 жасарсың деп. Әкең ақша алсын дедім. Сосын өкпеледі”, – дейді анасы Дилабар Иристаева.

Розаның ұялы телефонынан соңғы қоңырау сәуірдің 2-сі түнгі 12-лерде жасалыпты. Ол нөмірге қоңырау шалғанда бейтаныс қыз көтеріп, Розаны сұрағанда қоя салған. Содан бері қайта қосылмапты. Туыстары сол қызбен жұмыс істеуге кеткен болуы мүмкін деп топшылайды әрі үміттенеді. Жалпы, оқушы қыздың сыныптас құрбысы Роза соңғы уақытта жұмыс істеуге кеткісі келіп жүргенін айтады.

“Алматыға кетем деді. Не істейсің ол жерде ешкім жоқ, таныстарың жоқ десем, ол жерде бизнес бар ғой деді. Болды, кейін Алматыға ешкімге айтпаймын, айтпай кетем деді”, – дейді жақындары.

Туыстары Сайрам болмаса Шымкентте даяшы немесе ыдыс жуушы болып жүрген болар деп іздемеген дәмханасы қалмаған. Жақын маңдағы ауылдарды да түгел тінтіп, Розаның суреттерін ілуден басқа амалы жоқ. Ізім-қайым жоғалған жеткіншектің туыстары кездейсоқ көріп қалған жұрт болса қуанышты хабар берер деп әркімге фотосын көрсетіп жәутеңдеумен ғана жүр.

Тағы оқыңыз: 

Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Прокурорлар ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы түрмеде VIP-камерада отыр дегенге қатысты жауап берді

Талқылау