Ақтөбеде есірткі мафиясының атышулы серкелері ұсталды

Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 46 жастағы азамат басқарған ұйым қаладағы нашарақорларға керегін жеткізіп, пайда тауып отырған. Оны арнайы жасақ қаланың қақ ортасында ұстап алды. Ұсталған азамат есірткіні өзі Қызылордадан тасыған. Ал үш сыбайласы сатып отырыпты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтөбеде есірткі мафиясының атышулы серкелері ұсталды

Бір жыл бойы тапқан пайдалары 30 миллион теңгеге жуықтап отыр. Тергеу мәліметінше, нашарақорларға 60 келіден астам есірткі сатылған. Оны 55 нашарақор растап берді дейді полицейлер. Енді олар сотта куәлік етеді.

«Қылмыстық топ өклідері есірткі затын тұтынушыларға жеткізіп отырған. Олардың жеткізген заттарын Ақтөбе облысы мен қала аумағында тұратын 55 есірткі пайдаланушыға сатқандары анықталып отыр. Қылмыстық топтың есірткі сатудан түскен кірістен құны 28 миллион теңгеден асатын жылжитын және жылжымайтын мүлік сатып алғаны мәлім болды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Тауманбаев.

Оқи отырыңыз:

Алматы облысында Көлсай тауларының орнынан жылжуының себебі белгілі болды

Шымкентте жоғалып кеткен қыз смартфонға ақша табу үшін үйінен кеткен болуы мүмкін

Мен өзім қалаған әйелге үйлендім: Бауыржан Момышұлы жайлы естелік

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар