Қазақстандықтар үшін емханаларға педиатрларды қайтаруға уәде етті

Сейсенбі, 20 Қыркүйек , 2016 15:09

Биылдың соңына дейін қазақстандық емханаларда балаларды педиатрлардың жекелей қабылдауы қайта жанданады.

20160920131614

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Жалпы, педиатрлық факультеттер жабылған жоқ. Денсаулық сақтау құрылымындағы білім беру бағдарламасына қарайтын болсақ, ол екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі, базалық бөлім, яғни онда таңдаған мамандығына қарамастан барлығы оқытылады»,-деп түсіндірді Дүйсенова.

Оқытудың екінші бөлімінде студенттер мамандықтар бойынша бөлініп, нақты бағытта білім алады.

«Осы ретте біз биыл педиатрия мамандары үшін және магистратура бағытында да бағдарламаны кеңейттік. Сондықтан да педиатр факультеттерін жоқ деп айту дұрыс емес»,-деді министр.

Сөз соңында ол  бүгінде емханаларда балаларды педиатрлардың бөлек қабылдауы бағытын қайта жаңғырту мәселесі қарастырылып жатқандығын, сондай-ақ жыл соңына дейін бұл мәселе шешімін табатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева білім беру жүйесіне педиатрия институтын жандандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқандығын айтқан болатын.

Медициналық жоғары оқу орындарының үдерісі жетілдірілгенін еске салып өткен ол, осы ретте педиатрия факультеті емдеу факультетімен біріктірілгенін атап өтті. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде Балиева осымен келіспейтінін жеткізді.

Оның пайымынша, кез келген педиатр ересек адамға ем-дом жасаса да, алайда терапевт баланы емдей алмайды. Себебі, сәбидің ағзасы ересек адамнан өзгеше болғандықтан, бұл бағытта тиісті қадамдар болуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда сүндет жасаған соң баласының жағдайы нашарлап кеткендіктен анасы емханамен соттасуда

Алматыда кішкентай екі қызы жартылай сал болып қалған анасының күтіміне қарап отыр

Қызылорда тұрғыны қызының балабақшада балық котлетін жеп ауруханаға түскенін айтып ашынады

Ақтаулық қос бүлдіршіннің химиялық заттан уланып өлгені анықталды

Ресейде 13 жастағы оқушы қыз анорексиядан көз жұмды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар