Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды

Генадий Головкиннің жекпе-жегін трансляциялау туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин.

Қазақстандықтар Головкиннің жекпе-жегін көре алатын болды

Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің Инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Біздің жанкүйерлер ертең, 6 мамыр күні, “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналарынан Головкиннің жекпе-жегін көре алады. Жекпе-жектің басталуы сағат 07:00-де. Ал, жекпе-жектің алдында сағат 06:30-да студияға Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев келіп, комментаторлармен бірге алдыңғы жекпе-жек туралы ойларымен бөлісіп және алдағы жекпе-жекке байланысты болжам жасайтын болады. Ал, трансляциядан кейін, Головкиннің жекпе-жегі туралы сараптамалық бағдарлама шығатын болады»,- деп жазды Ерлан Қарин Инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық телеарналарда Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі көрсетілмейтіні хабарланған болатын. Сондай-ақ, отандасымыздың жекпе-жегін 151 елдің көрермендері тамашалай алады.

Тағы оқыңыз: 

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды

ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

Алматыда өрттен үш бала құтқарылды

Талқылау