Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды

Алматыдан Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағының бортында жолаушылардың бірінің денсаулығы нашар болғандықтан әуе кемесі Шымкентке жедел қонуға мәжбүр болды.

Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкенке қонуға мәжбүр болды

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ командирі Шымкенттегі қосалқы аэродромға қонуға мәжбүр болды. Онда науқасты жедел жәрдем қызметі күтіп алды.

«Борттағы жолаушы өзін нашар сезінгендіктен ұшақ қосалқы аэродромға бағыт алды», – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Жолаушыны түсіргеннен кейін ұшақ Ақтауға бағытын жалғастырды.

Тағы да оқыңыз:

Колхоз бастығымен көңілдес болдым: ОҚО-ға келін болып түскен әйел өз әрекетіне өкінетінін айтып жылады

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы эфирге шығып, ел алдында сүйікті қызынан кешірім сұрады (видео)

Ақтөбеде егіз қыздар бір күнде тұрмысқа шықты (видео)

Тамара Асар: Мәскеуден емделіп келгенімде күйеуім басқа әйелді жүкті қылып қойғанын айтты

Талқылау