Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы эфирге шығып, ел алдында сүйікті қызынан кешірім сұрады (видео)

Ерасыл Тұрлыханов ел алдында сүйіктісінен кешірім сұрады.

Ерасыл Тұрлыханов

Бұл туралы 7 арнаның “Өз ойым” бағдарламасына сілтеме жасай отырып stan.kz хабарлайды.

Ерасыл бағдарламаға Skype арқылы байланысқы шықты. Ол отбасы жайлы айта келіп, жеке өміріне тоқталды. Қазір сүйген қызын ренжітіп алғанын, сол үшін өкініп отырғанын жасырмады.

“Дильбара Әубәкірова есімді сүйікті қызым бар. Оны бір апта бұрын ренжітіп алдым. Сол үшін қатты өкінем. Бағдарламаны пайдаланып, Дильбарадан кешірім сұрағым келеді. Оны қатты жақсы көрем. Оны қатты сағынып жүрмін”, – деді Ерасыл ел алдында ақтарылып.

“Неліктен қыз алдында кішірейіп отырсың деп әкең ұрыспай ма?”, – деп сұрады бағдарлама жүргізушісі.

“Ұрысады, бірақ қызға ғашық болсаң, бәрін жайсайды екенсің”, – деп жауап берді Тұрлыхановтың ұлы.

Бұдан соң Ләйлә Сұлтанқызы Дильбараның телефон нөміріне қоңырау соғып тілдесті. Ерасыл бастап, көрермендер қоштап көп болып кешірім сұрады.

Жүргізуші Дильбараның жылап отырғанын да айтып қалды.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде егіз қыздар бір күнде тұрмысқа шықты (видео)

Тамара Асар: Мәскеуден емделіп келгенімде күйеуім басқа әйелді жүкті қылып қойғанын айтты

Оғыз Доғанға қарсы шыққан Бердоңғаров екеуі бірге Астанадағы сатушылардың қызметін тексеріп көрді (видео)

Оққағарларың халықты итермесін: Тыңдарманы Қанат Үмбетовке өз орныңды біл деп ұрысып тастады

Талқылау