Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

Семейде тоғызыншы қабатта орналасқан пәтердегі өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды.

ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

Бұл туралы Устинка LIVE хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Өрт 3 мамырда түстен кейін Бөгембайұлы көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Жоғарғы қабаттан шыққан түтінді көрген тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырған.

Пәтерге кірген өрт сөндірушілер ас үйдегі тоңазытқыш пен жиһаздың өртеніп жатқанын көрген. Уақыт  жоғалтпастан қызыл жалынды сөндіре бастаған өрт сөндірушілер, бөлмеде ес-түссіз жатқан пәтер иесін тауып алған. Оқиға орнына шақыртылған дәрігерлер зейнеткердің ыстан тұншығып қайтыс болғанын хабарлады.

Семей қаласы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үй иесі пәтерде жалғыз тұрған, сондай-ақ өздігінен қозғала алмаған.

Тағы оқыңыз: 

Алматыда өрттен үш бала құтқарылды

Ақтауда 10 жасар қыз төртінші қабаттан құлап, аман қалды

Ақжарқын Тұрлыбай сияқты: Ресейлік бойжеткен Вьетнамға есірткі кіргізгені үшін өмір бойына сотталды

Астанадағы батут оқиғасы: Төрт бала аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр

Талқылау