Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында үш әйелді азаптап өлтірген Замандин Палтуевқа қатысты сот үкімі шықты. Әпкелі-сіңілілерді бауыздап, кейіннен бейтаныс әйелдің тамағын кесіп жіберген  алматылық қанішер 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Алматыда үш әйелді өлтірген қанішердің ісіне қатысты сот үкімі шықты

Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жантүршігерлік адам өлімі өткен жылдың желтоқсан айында болды. Қылмыскер жәбірленушінің біреуімен қанды оқиғаға бір апта қалғанда танысқан. Әйелдер қанішерді үйлеріне өздері кіргізген.

Отырыс кезінде жанжал туындап, айыпталушы алдымен бөтелкелесін ұрып, сосын әпкелі-сіңілілерді бауыздап өлтірген. Қанішер марқұмдардың біреуін 17 рет, екіншісін – 43 рет пышақтаған.

Алматылық қанішердің үшінші құрбаны кездейсоқ жолаушы болды. Ер адам алғашында оны тонамақшы болған. Бірақ, кейін оның күре тамырын әйнек сынығымен кесіп жіберген. Содан қыздың ұялы телефонын алып, полицияға қоңырау шалған. Ол құқық қорғау қызметкерлеріне оқиға орнында бір бойжеткеннің қансырап жатқанын айтқан. Нақты мекенжайды бермеген қылмыскер, жедел жәрдем үлгеріп келсе қыз аман қалуы мүмкін деп ескерткен. Дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жәбірленушіні кем дегенде 40 минут іздеген. Кейін құтқарушылар қыздың қансырап жатқан өлі денесін тауып алған.

Қанішерге қатысты сот отырысы жабық өтті. Бұған дейін сотталған қылмыскердің қорғаушысы Дін-Мухамед Нарымбетов айыпталуышы кінәсін мойындап, өкінеді деген болатын.

Сот Замандин Палтуевті 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Тағы оқыңыз: 

Ақтауға бағыт алған SCAT ұшағы Шымкентке қонуға мәжбүр болды

ШҚО-да тоңазытқыштан шыққан өрттің салдарынан 82 жастағы зейнеткер көз жұмды

Алматыда өрттен үш бала құтқарылды

 

Талқылау