Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдің ең құрметті азаматына Астанадан пәтер сыйға беріледі

Сіңірген еңбегі мен азаматтық ұстанымы бүкіл қоғамға үлгі болған кез келген қазақстандық елдің ең құрметті азаматы деген атаққа ұсынылады.

1019247

“Құрметті азамат” жобасы Қазақстанда басталып кетті, жоба жеңімпазына Астанадан пәтер сыйға беріледі.

Жоба республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. 14 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін  кез келген қазақстандық www.bi-azamat.kz сайтына кіріп, “Құрметті азамат” атағына үміткер ұсына алады. Бұл сіңірген еңбегі мен іс-әрекеті, идеялары немесе азаматтық ұстанымы қоғам алдындағы ерлік пен жауапкершіліктің үлгісі болған адам болуы шарт.

Тәуелсіз сараптама кеңесі 10-15 номинантты іріктеп алады, содан кейін желтоқсанның 5 мен 25 аралығында ғаламтор арқылы дауыс беру кезеңі өтеді. Құрметті азаматтың есімі 26 желтоқсан күні жарияланады. Ірі құрылыс компаниясы жеңімпазға пәтер тарту етеді.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылорда облысында балаларын алапат өрттен аман алып қалған ана көз жұмды

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Қазақстанда Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік қағаз ақша пайда болды

Мұхамедиұлы өзін кінәлаған студент қызды сотқа берді

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Талқылау