Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында балаларын алапат өрттен аман алып қалған ана көз жұмды

Қызылордаға тиіп тұрған Белкөл кентінің тұрғындары Сапаровтар отбасына көмек сұрайды. Осыдан бірнеше күн бұрын газ баллоны жарылып, отанасы қайтыс болған.

4444

Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды.

Ал отбасының бес мүшесі ауруханада жатыр. Олардың жағдайына алаңдаған ауылдастары, барар жері жоқ екенін айтып, қайырымды жандарға иек артады. Көмек сұрай келген ауыл тұрғындары, соңғы 1 айда аталған кентте осымен 6 отбасы өрттен зардап шеккенін айтты.

Оқыс жағдай қарашаның 2-сінде болған. Сапаровтардың кенжесі 11 жастағы Дәулеттің жадында қалып қойған. Оның айтуынша, кешкісін, әдеттегідей, анасы теледидар қарап, аға-жеңгесі мен балалары компьютермен әлек болып жатқан. Аяқ астынан қатты дауыс шығып, әп-сәтте үйдің қабырғалары құлаған.

Безымянный

“Газдын басқа кигізіп қоятыны ұшты да, газ жерге құлады. Басынан ақ ақты да, жарылды. Сосын мені ағам құтқарды, мамамды ағам құтқарды, мына Санжар мен Қарақатты мамалары құтқарды”, – дейді Дәулет Мырзахмет.

Сапаровтардың ортаншы ұлы көмекке бірінші болып келген. Ол жұмыстан шығып үйге бетке алғанда, алыстан жалынды байқап үйіне жүгірген. Алған жарақаттардан аналары көз жұмды. Ауыл халқы қаражат жинап, оны соңғы сапарға шығарып салыпты.

“Балалары жетім қалды, жағдайлары ауыр. Енді шыққаннан кейін мынау үйдің қай жағына барады? Менім үйіме барғанымен, менің үйім де шағын. Бұл балаларды қай жаққа апарамын мен? Келін 45 процент күйген, баламыз 25 процент, өлім мен өмірдің арасында жатыр”, – дейді туысы Ғазиза Бакирова.

“Науқастар түскен кезде жағдайлары өте ауыр болды, отпен күйген жарақаттар өте терең болады. Бұл себепті келген кезде реанимацияға жатқыздық үш баланы да. Қазіргі уақытта отделениеде ем алып жатыр толық көлемде. Барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті. Қазіргі жағдайлары орташа ауырлықта”, – деді Қызылорда облыстық медициналық орталықтың балалар хирургі Әлімжан Төлегенов.

Ауыл тұрғындары, қыс басталмай жатып, өрттен зардап шеккендердің көп екенін айтты. Соңғы 1 айда 6 үй өрттен зардап шеккен.

“Осы бір айдың көлемінде алты үй зардап шегіп отыр, осы өрттің кесірінен. Ал ол неге деп ойлайсыздар? Себебі бұл газ жоқтықтан. Біз мынау қалаға тиіп тұрмыз. Көрші тұрамыз Сапаровтар отбасына. Белкөл кентінің атынан сіздерден сұрарым: осы Сапаровтар отбасына көмектессеңіздер екен. Үлкен облыс басшылығынан болсын, аудан басшылығынан болсын, мен деген азаматтар болса, кәсіпкерлер болса”, – деді көмек сұраған Белкөл кентінің тұрғыны Баян Тоқсанбаева.

Оқи отырыңыз:

Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды

Ұлықпан Жолдасов анасының 90 жасын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Қайрат Нұртас романтикалық кешкі асты кім үшін әзірледі?

Жанна Орынбасарова: Тұрмысқа шықпағаныма өкінбеймін

Талқылау