Мұхамедиұлы өзін кінәлаған студент қызды сотқа берді

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 11:02

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзін төсекке сүйреді деп кінәлаған студент қыз Еңлік Сыдықованы сотқа берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

photo-832578232532

Фото: kazday.kz

Ақпаратты министрдің адвокаты Ескендір Әлімбаев та растаған.

“Расында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Еңлік Сыдықованы сенімсіз ақпаратты таратуына қатысты сотқа шағым түсірді. Бұл ретте ол оны жауапкершілікке тартпайды, тек оның құрғақ дәлелдерін жоққа шығарады. Теориялық тұрғыдан алғанда да олардың кездесуі еш мүмкін емес. Сыдықова ректормен кездесуін емтиханға кешігіп қалуымен байланыстырады. Алайда баспасөз беттерінде мәлім болған ақпараттарға сәйкес Сыдықова 2011 жылы оқуға түспеген. Баршаға мәлім болған деректер Сыдықова айтқан жағдайлардың еш шындыққа жанаспайтынын көрсетіп отыр”, – деді Ескендір Әлімбаев.

Оның сөзінше, министрдің осылай сотқа шағым түсіруі тек заң талабы бойынша іске асып отыр екен. “Осылайша, “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы заңының 52-бабы, 6-бөлігіне сәйкес, мемлекеттік қызметкерге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылса, ол айыптау анықталған күннен бастап, бір ай мерзімде теріске шығарылуы тиіс. Е.Сыдықованың сөзінде дәл осындай айыптаулар кездеседі. Сонымен бірге, келтірілген заң нормасында мұндай айыптауларды теріске шығару шаралары мемлекеттік қызметкердің құқығы ғана емес, міндеті ретінде көрсетілген. Құқықтық фактілердің сотпен айқындалатыны баршаға аян. Сыдықова өзі таратқан ақпаратты өз еркімен теріске шығарған жоқ, сол себепті Мұхамедиұлына сотқа жүгінуге тура келді”, – деп түсіндірді адвокат.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, егер Еңлік Сыдықова өзі жариялаған дәлелдерді қайтадан жариялы түрде жоққа шығаратын болса онда сотқа түсірілген министр шағымы қайтып алынады. Тиісінше Еңлік Сыдықоваға қатысты қылмыстық іс те тоқтатылады.

Сотқа дейін бұл тақырыпта журналистермен сөйлесуге құлық танытпаған министрдің өзі бұл шағымды жала деп мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Қазақстан заңнамасына сексуалдық әлімжеттік туралы бап енгізілмек

18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда

Алматыда тұрғындар тегін азық-түлік үшін шешініп тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар