Қазақстан заңнамасына сексуалдық әлімжеттік туралы бап енгізілмек

Жексенбі, 13 Қараша , 2016 14:54

Қазақстанда қоғам белсенділері сексуалдық әлімжеттік көрсеткен адамдарды жазалауға қатысты заңды қайта қарастыруды ұсынып отыр. Психологиялық сауалнама нәтижесіне сүйенсек, елімізде мыңға жуық адамға жыныстық қатынасқа түсу арқылы қызметтік тұрғыдан өсу ұсынылған. Десе де бұл мәселеде ресми есептің жоқ екендігін айта кету керек. Жыныстық әлімжеттіктің құрбандарының арасында ерлер де, әйеледер де бар. алайда олардың көпшілігі жұмысынан айырылып қалу қаупінің кесірінен бұл туралы жақ ашпайды.

не смотри

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Жалпы бұл тақырып біздің елімізде ашық түрде талқыланбайды. Басшыларының тарапынан болатын сексуалдық әлімжеттік туралы қызметкерлер туыстарына, достарына немесе психологтарға айтатын көрінеді. Қоғам белсенділері Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында жүргізген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, 750 адамның 70% өмірінде бір рет болса да басшылықтың тарапынан жыныстық әлемжеттікке тап болған екен.

ЕВГЕНИЯ КОЗЫРЕВА, президент “Феминистской Лиги Казахстана”:
«Мектепте 10 жасқа дейінгі ер балалардың 70%-ға дейін сексуалдық әлімжеттікке тап болады. Ал қыздардың 90%-ы жастайынан бастап өмір бойы жыныстық әлімжетікті бастан өткереді. Бұл әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі.

Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына жолдаған үндеуін Бас прокуратураның өзі жариялай алмай отыр. Таңғалатын да түгі жоқ, себебі секске мәжбүрлейтін адамдарды жазалайтын заң жүйесі жоқ. Әрі басшының өз қызметкеріне тиіскенін дәлелдеу соншалықты оңай шаруа емес. Дегенмен де, қызметтік өміріңіз ғұмырлық проблемаға айналмасын десеңіз, полицияға хабарлағаныңыз жөн дейді заңгерлер. Әлімжеттік көрсеткен адаммен арадағы әңгімені диктофонға жазып алу да артықтық етпейді. Себебі дәл осы нәрсе сізге болашақта айғақ ретінде өз көмегін тигізуі мүмкін.

«Қарсылық танытудан қорықпаңыздар. Керісенше, сексуалдық әлімжеттік көрсететін жандар барып тұрған сужүрек адамдар. Себебі нәзік жандыларға әлімжеттік танытқан адам мықты қарсыласқа төтеп бере алмайды», – дейді қорғаушы Снежана Ким.

Көбінесе қызмет орнында қарым-қатынасқа түскісі келген басшының осал қызметкерді таңдайтынын ұмытпаңыз. Сол себепті ол сізге сыйлық жасап, алғашқы қадам жасай бастаған кезде-ақ оның бетін кері қайтарғаныңыз жөн.

Жіберіп алмаңыз:

18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда

Алматыда тұрғындар тегін азық-түлік үшін шешініп тастады (видео)

Шығыс Қазақстанда 8 жасар қызды өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті

Жол сақшысының жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсетуі көпшіліктің ызасын келтірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар