Жол сақшысының жүргізушілерге қоқан-лоқы көрсетуі көпшіліктің ызасын келтірді (видео)
Қызылорда облысында жол сақшысының көлік жүргізушісіне қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны жайлы тағы бір видео интернет желісіне тарап, көпшіліктің ызасын келтірді. Видеода ашуға булыққан полицей көлік жүргізушісінің қолындағы ұялы телефонын ұрып жібереді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Оқиға 9 қараша күні Самара-Шымкент тас жолында болған екен. Бейнежазбада көлік жүргізушісіне өзін видеоға түсіруге рұқсат етпеген полиция қызметкері соққы жасап ұялы телефонын алып қойғаны анық байқалады. Алайда кейін жүргізушінің меншігін қайтарып беріп, өзінің 322 KP нөмірлі қызметтік көлігіне жайғасады. Естеріңізде болса,осыдан біраз бұрын осыған ұқсас жол сақшысының жүргізушіден ұялы телефонын тартып алып, қысым көрсетіп жатқаны жайлы ақпарат бергенбіз. Бір қызығы, осы екі оқиғада да, дәл сол 322 ҚР нөмірлі көлік. Ал ішкі істер департамендегілер көлік бір болғанымен, қызметтік құрамы басқа дейді. Және қазіргі таңда осыған қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды