Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар биыл 67 елге визасыз бара алады

Қазақстандықтар биыл 67 елге визасыз бара алады. Henley&Partners (Хэнлэй энд Партнэрс) компаниясы жариялаған визалық шектеулер индексінде Қазақстан Белоруссия және Грузия елдерімен қатарласып, 71-ші орынға көтерілген. Яғни әлемдегі әрбір үшінші елге тұрғындарымыз емін-еркін кіріп-шыға алады.

20130206_112921

Сурет aeroport.kz сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аталмыш тізімде Германия көш бастап келеді. Биыл әлемнің 177 елі Германия азаматтарына өз аймақтарына визасыз кіруге рұқсат берген екен. Екінші орында Швеция. Онымен 176 ел визасыз тәртіп орнатқан. Ал үшінші орында Финляндия, Франция, Испания, Италия және Ұлыбритания мемлекеттері бар. Бұл елдердің азаматтары 175 елге еркін саяхаттап бара алады екен.

Қазақстан азаматтары былтырғы жылы 65 елге визасыз бара алса, биыл олардың қатарына тағы 2 жаңа мемлекет қосылған. Алайда, 67 елдің кейбірінде дипломатиялық, қызметтік және туристік сапарлар нақты бөлінген. Сондықтан, кез келген азамат визасыз ол елдерге бара бере алады деуге келмейді.

Талқылау