Қазақстандық жұлдыздар алаяқтарға қалай алданғандарын айтып берді

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 15:45

Қоғамда “алаяқ” деп аталатын оңай жолмен мол пайдаға кенелгісі келетін жандар баршылық. Ондайлар жұмыс істеп, ақша табудың орнына біреудің маңдай терімен қол жеткізген дүниесін ала салуды жөн санайды.

2525

Алаяқтарға алданған әншілердің бірі – Серікбол Сайлаубек. Жарты жыл бойы әншінің «досы» болып жүрген жігіт оның бағалы киімдері мен 15 мың АҚШ доллары көлемінде қаржысын «сыпырып» алған.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Алаяқ «досы» Серікболдың күн тәртібін бес саусағындай жаттап алған. Әншінің қай кезде не істейтінін біліп алған жігіт алаяқтық әрекетіне жарты жылдай дайындалыпты. Серікболдың әркез сахнаға шығар алдында телефонын сөндіріп қоятынын білген алаяқ сондай сәттердің бірін пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Әншінің анасына барып, «ұлыңыз гастрольге кетеді» деп оның бар киімі мен жиған-терген ақшасын сұраған. Ештеңеден күмәнданбаған ана оның бір ауыз сөзіне сеніп қалып, Серікболдың киімі мен шамамен 15 мың доллардай ақшасын салып берген. Әншінің дүниесі аздай, алаяқ Серікболдың анасының алтындарын қолды қылған.

«Жедел түрде ақша керек, ломбардқа өткізетін заттарыңыз болса, оны да беріңіз» – деген әккі жігіттің сөзіне әншінің анасы иланып қалған.

Серікбол: «алаяқ мені алдаса мүмкін кешірер ме едім, алайда анамды алдағаны үшін кешіре алмаймын. Қолыма түссе, ол жігітті аямаймын», – дейді.

Қанша рет алаяқтың арбауына түсіп қалса да, сеніп қала беретін әншілердің қатарында Ақбота Керімбекова да бар. Талай концертте ән салып, ақысын ала алмаған әнші халықтан әншілерге түсіністікпен қарауын сұрайды.

«Концертті біз ұйымдастырмаймыз. Ұйымдастырушылардың билетті қалай және кімге сататынын да білмейміз», – дейді Керімбекова.

Ақбота көп жағдайда өзін алдаған алаяқтарға кешіріммен қарауға тырысатынын айтты.

«Қазір өзі кімге жақсылық жасауға болатынын түсінбей қалдық. Көп рет алдандым. Сонда да сеніп қала беремін. Өмір ғой, пенденің бәрі қателеседі деп көп жағдайда кешіріммен қарауға тырысамын», – дейді әнші.

Ал Мөлдір Әуелбекова көп ақша ұстаудан жүрексінетінін айтты. Сол себепті алаяқтардың арбауына да түсіп көрмепті.

«Көлік таңдауға келгенде қазір жолдасым, бұрындары әкем жүретін. Өзім көп ақша ұстамаймын. Сол себепті алдандым деп те айта алмаймын», – дейді Мөлдір.

Той иелеріне алданып қалмау үшін Әуелбекованың өз тәсілі бар.

“Міндетті түрде келісілген сомманың жартысын аудартамын. Аудармаса, тойға да бармаймын”, – дейді әнші.

Алаяққа бір рет алданған жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира сол оқиғадан кейін өте сақ болып жүреді екен. Тойға шақырту алса, Жанболат міндетті түрде тойға қатысты ақпараттың бәрін тексереді.

«Жеке ұшағымды жіберіп жатырмын, ертең күзетшілерім барып, үйіңізден лимузинге отырғызып алып кетеді, әуежайға жеткізіп салады. Сосын өзіміз күтіп аламыз» деп айтқан адамдар да болды. «Күзетшінің қажеті жоқ, өзімде де бар» дегенім ашуына тиді ме екен, басқа әншілерге звондап:  «Жанболатты алмайтын болдым, өздерің келе беріңдер», – депті. Содан, аттарын атамай-ақ қояйын, 1-2 әнші жігіт әлгі алаяқтың сөзіне иланып әуежайға кеткен. Таңертең хабарласып, мән-жайды сұрадым. Олар да мені күйдіргісі келді ме, «иә, жарты ақшасын да алдық» деп айтты. Сәлден кейін қайта хабарласып: «Аға, адам да, ұшақ та жоқ. Кері қайтып бара жатырмыз», – деген еді», – деп әңгімелеп берді Жанболат.

Айтпақшы, белгісіз концерттің афишасынан өзін көріп, таңғалған эстрада жұлдыздары да шағым айтты. Осылайша зал толтыруды көздейтін түрлі кеш ұйымдастырушылары билет сатудың ең оңай жолын тапқан. Алайда концерт күні келгенде сүйікті әншісін сахнадан көре алмаған көрермен бұл жағдайға әншінің өзін кінәлайды екен.

Әнші Абай Бегей де алаяқтардың құрбаны болған.

«Ақтөбе қаласында концерт ұйымдастырылып, соңы дұрыс болмай, концерт өтпей қалған еді. Осыдан 2-3 жыл бұрын Семей қаласында да біреулер билет сатып, маған дұрыс уақытын айтпаған. Сол кезде ғаламтор арқылы: «Абай, сіз бізді алдадыңыз» деп жазған тыңдармандарым болды», – дейді Бегей.

Айта кетейік, бұдан бұрын отандық жұлдыздардың бейнебаян түсіруге қанша қаражат жұмсайтынын жазған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз: 

Махаббаттарының ғұмыры қысқа болған қазақстандық жұлдыздар

Танымал жұлдыздардың мектептегі жылдарына саяхат (фото)

Жуырда жеке бизнесін ашқан қазақстандық жұлдыздар

Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы қанша қаражат табады?

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар