Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал жұлдыздардың мектептегі жылдарына саяхат (фото)

Бүгін – Білім күні. Осыған орай, өнер, спорт жұлдыздарының мектеп қабырғасындағы суреттерін еске түсіріп, оқырман назарына ұсынамыз.

ыаыа

Фото: jas.kz

Мына сүйкімді балақайдың кім екенін тауып көріңіздерші! Кім бұл?

Screenshot_10

Бұл – әнші Алмас Кішкенбаев.

“Бұл менің алғашқы мектеп қабырғасында жүргенде түскен суретім. Бүгін @kmassimov ты қолдап өзімнің #алғашқыұстазым ды құттықтайын деген оймен салып отырмын. Қызылорда қаласында 212 мектеп мұғалімі Кентай апайым алғаш маған әліппені үйреткен. 2ші сыныпта 26шы мамандандырылған мектеп интернатына ауысып, ол жерде бастауыш сыныптарда тәлім берген менің Мәнді апайым. Жоғарғы сыныптарда білім берген барша ұстаздарымды және сынып жетекшім Жәмиля апайымды құттықтаймын! Барша мұғалімдерді, мектеп қабырғасын енді аттағалы отырған оқушыларды мерекемен Құттықтаймын!!! Мені мектепте мұғалімдер Кнопка дейтін. Кнопканы көріп тұрсыздарма?” – деп әзілмен аяқтады сөзін әнші.

Сол сияқты халықтың сүйікті қыздарының бірі Мөлдір Әуелбекова оқушы кезіндегі суретімен бөлісті.

Screenshot_11

Бірінші қатарда ортасында отырған қыз – Мөлдір.

Танымал актриса Әсел Сағатова да бала күнгі суретін жариялады. Алайда бұл суретте Әсел емес, оның ағасы мектеп табалдырығын аттаған екен.

Screenshot_8

Әселдің ағасы, Әсел және анасы.

Ал ендеше мына суреттегі болашақ танымал жұлдызды тауып көріңіз.

Screenshot_7

Таппадыңыз ба? Екінші қатардағы сол жақтан есептегендегі төртінші жігіт – Айшаның күйеуі, яғни Бүркіт.

Ал бұл елімізге танымал ақын – Қалқаман Сарин.

Screenshot_9

Талғат Жайлауов – шайбалы хоккейден Азия ойындарының жеңімпазы (2011 жылы). Екі дүркін Қазақстан чемпионы. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін “Барыс” клубында ойнаған.

e947ec3cfe8d10a3a636bee8d20b786e

Луина (Луиза Каринбаева) – қазақстандық эстрада жұлдызы. 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. “Луна”, “Неге жаным”, “Қалайша”, Не парюсь (feat. Morison) әндері ел арасында танымал болған.

013991a77af281fb04a31f864c73eaec

Жамбыл Көкеев – футболшы. Лондонда Англия құрамасының қақпасына гол соққан ТМД елдерінің арасынан шыққан тұңғыш футболшы. Үш дүркін Қазақстан чемпионы.

ef66520fa6fbb1f2c40a04a796b50f39 (1)

 

Әсел Сәдуақасова – әнші актриса. 1985 жылы Қостанай облысы, Жетіқара қаласында дүниеге келген. 2001 жылы 16 жасында “Дауыс International” тобында өнер көрсеткен. “Сталинге сыйлық”, “Астана – махаббатым менің”, “Братья – Жанна” және т.б киноларға түскен.

c719e51b31014277bb2ef5affd0e6622

Нюша (Анна) Шурочкина – ресейлік эстрада жұлдызы. Қазақ әншісі Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жаздырған. “Выбирать чудо”, “Объединение” секілді альбомдары бар. “Цунами”, “Больно”, “Где ты, там я” секілді әндері жақсы тараған.

bb424e2dbd7c5c21560482a5932367fd

Денис Тен – мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2013 жылы). 1993 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

f609d6f16c21245e70ff7e6b6c794df2 (1)

Геннадий Головкин – Кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Геннадий 1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2d1622df7e6b22baa3b9d22b61664b2f

Талқылау