Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар бейнебаяндарын қанша қаражатқа түсіреді

Заңы қатал шоу-бизнесте «жұлдызың жану» үшін хит ән мен сапалы бейнебаян аса қажет. Сондықтан болар, әншілердің басым бөлігі жиі бейнебаян түсіруді әдетке айналдырған. Тіпті, соңғы уақытта олардың клипмейкерлерге қоятын талаптары да тым жоғары.

3(22)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

– “Әдетте, әншілер би болсын деп талап қояды”, – дейді продюсер, клипмейкер Тимур Балымбетов.

Ал,сапасы сын көтермейтін әнбаяндар қайсы?

– “Әнінің мағынасы бір бөлек, оған түсірілген клипі тіптен бөлек әнбаяндар жетерлік”, – деп өтті журналист Жан Ахмадиев.

Осы аптада танымал әнші Бүркіт өнердегі әріптестерінің басын қосып кеш өткізді. Кеш ұйымдастыруына себеп болған оның соңғы бейнебаяны. «Әгугай» атты әнге түсірілген клипі әдеттегіден өзгеше екен.

– “Өзіміздің үйреніп қалған стилімізден  өзгешелеу. Біз теңіздің жағалауында романтика туралы түсіруші едік, бұл жолы атыс, жарылыс, бізге тым қатысы жоқ”, – дейді әнші Бүркіт.

Иә, Бүркіт көрерменін үнемі жаңа бейнебаянымен қуантып отырады. Әрі бір -біріне ұқсамайтындай етіп, ерекше ұсынуға тырысады. Алайда, олардың шетелде түсірілген бейнебаяндарын сынайтындар  жетерлік екен. Танымал журналист Жан Ахмадиев Бүркіт пен Аишаның түсірген клиптерін біраз сынға алды.

– “Өздері қыдырады. Сөйтіп, өздері клип түсіріп келеді. Асығыс түсірген бейнебаян ешқашанда сапалы болып шықпайды. Тіпті, кез-келген жеріндегі ракурстарын қарасаңыздар статичный ала салады астынан, үстінен.Сөйтіп, екі, үш планмен клип жасай салады”, – дейді Жан Ахмадиев.

Бүркіт клиптерін уақыт оздырмай жылдам жасайтынын жоққа шығармайды. Небәрі бір, екі күннің ішінде түсіре салады екен. Дегенмен, өнер иесінің әрбір жұмысы өзіне де, көрерменнің де көңілінен шығатынын алға тартады.

– “Көп адамдарға ұнайды, сіздердің арқаларыңызда жарты елді біліп қалдық деп”, – дейді Бүркіт.

Сонымен қатар жақында құрылған «BN» атты топтың бейнебаянындағы жастардың бір -біріне бояу шашып ойнағандары Жан Ахмадиевтің қытығына қатты тиіпті. Оның айтуынша, жас топ үнді елінің салт-дәстүрін ашық түрде  насихаттап жүр.

– “Үндінің холи мерекесін дәріптеп жатыр, неге өзіміздің дәстүрімізді дәріптемеске. Камшат Жолдыбаева да үндіні дәріптеп жүр”, – Жан Ахмадиев.

Бұл жігіт мектеп оқушыларынан құралған “BN” тобының директоры Еркебұлан Молдашов. Шарын шатқалында түсірілген бейнебаянға 25 мың долларға жуық шығын кеткен. Бейнебаянның идеясы Еркебұланның өзіне тиесілі екен. Бояу шашуды еш ерсі көрмейді.

– “Біз ондай ұқсастық көрмедік. Егер ұқсастық көрсек оны плагиат деп аталынады. Ол нәрсені жасамайтын едік, – дейді “BN” тобының директоры.

Бүгінде бейнебаянның екі түрі көп түсіріледі екен. Біріншісі, трейкке құрылған бейнебаян. Яғни, әнші келбетін жалпақ жұртқа етене танытқысы келетіндер осыны таңдайды екен. Мұндай клиптің нарықтағы құны 5 мың доллардан басталып 15 мың долларға дейін бағаланса, екінші түрі арнайы сюжетке құрылған. Оның нарықтағы бағасы 15 мың доллардан – 30 мың долларға дейін жететін көрінеді. Ал егер әртүрлі эффектілерді немесе графика қолданатын болса клиптің құны да жоғарылайды.

Бүгінде клипмейкерлерге әншілердің қоятын талабы жоғары екен. Әсіресе, сапасы жоғары болуымен қатар, би топтарының көптеп қатысуын талап ететін көрінеді.

– “Мысалы, біз жақында Мәдина Сәдуақасоваға клип түсірдік. Ол кісі алғаш рет биледі сол клипте, – дейді клипмейкер, продюсер Тимур Балымбетов.

4 жылдан бері шоу-бизнес өкілдерінің көңілін тауып, клип түсіріп жүрген жас клипмейкер Бекзат Оспанов әншілердің талаптарынан бұрын, шығармашылық еркіндікте жұмыс істегенді ұнатады.

– “Бостандық берген дұрыс. Өзінің жұмысына дұрыс қарайтын әншілер режиссерге бостандық береді”, – дейді клипмейкер Бекзат Оспанов.

Жіберіп алмаңыз:

Шетел аралағанды ұнататын Бүркіт отбасымен Балқашта демалуда (фото, видео)

Бүркіт алғаш рет туған інісін көрсетті

Бүркіттің Айшасын біреулердің ұрлап кеткені қаншалықты рас

Бүркіт құжаты жоқ ескі көліктер сатып алмақ

Талқылау