Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Ыстықкөлге барып, үш күн арақ ішіп өлді

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында қазақстандық азамат қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz “Кабарға” сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 тамыз күні құқық қорғау органдарына Бостері ауылында ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде суыт хабар келіп түскен. Марқұмның Қазақстан Республикасының азаматы екені анықталды.

«2 тамыз күні ол әйелімен және 4 баласымен бірге Ыстықкөл облысына демалуға келген. Марқұмның денесі коттеджден табылды. Әйелінің айтуынша, ол Қырғызстанға келгелі бері үздіксіз алкогольдік ішімдік ішкен»,-деп мәлім етті құқық қорғау органдары.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау