Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық киносыншылар 2017 жылдың ең үздік фильмін атады

Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы отандық кинематографияның 2017 жылғы үздіктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Сыншылар таңдауы-2018» жүлдесін тапсыру салтанаты өтті. Аталған салтанатты шарада үздіктер 13 номинация бойынша марапатталды.

Киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікееваның «Ең үздік фильм (комедия/шытырман/экшн жанры)» аталымында жеңімпазды анықтау қиынға соққанын айтты. «Арман», «Бөлінбейтін», «Келін де адам баласы», «Қазақша кәсіп Америкада» фильмдері арасында ең үздікті анықтау барысында киносыншылар ұзақ пікірталасыпты.

Пікірталас нәтижесінде режиссер Рашид Сүлейменовтің «Арман» картинасы екі дауыс айырмашылықпен үздік деп табылды.

«Арман» фильмнің продюсерлері – Гүлзира Айдарбек пен Рая Адығанова. Аталған фильмде басты рөлдерді әнші Қайрат Нұртас пен оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова сомдады. Сондай-ақ,  Жұлдыз Әбдікәрімова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясына ие болды.

Ал режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі «Үздік драма» аталымы бойынша жүлдеге ие болды. Аталған туынды бірнеше халықаралық кинофестивальдарда үздік  деп танылды.

Айта кетсек, Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы 2014 жылы құрылған.

«Үздік драма»

«Оралман» – Тәңірберген Қажиев, Ержан Ахметов

«Ең үздік фильм (комедия/шытырман/экшн жанры)»

«Арман – продюсері Гүлзира Айдарбек, Рая Адығанова

«Үздік режиссер»

Серік Апрымов – «Әкеге қоңырау шалу»

«Үздік сценарий» 

«Ластанған үлкен шаһар» – Нариман Төребаев, Талғат Шағамбаев

«Үздік операторлық жұмыс»

«Ол» – Азамат Дулатов

«Үздік суретші-қоюшы жұмысы»

«Оралман» – Рүстем Одинаев

«Үздік ер адам рөлі»

Дулыға Ақмолда – «Оралман»

«Үздік әйел рөлі»

Жұлдыз Әбдікәрімова – «Арман»

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі»

Ерболат Оспанқұлов – «Әкеге қоңырау шалу»

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі»

Данагүл Темірсұлтанова  – «Келін де адам баласы»

«Үздік ән»

91 «Mooz» – «91» фильміне OST

«Фильмге үздік ән»

Әбілқайыр Жарасқан – «Бөлінбейтін»

«Үздік қысқаметражды фильм»

«Самал» – Шұғыла Сержан

Оқи отырыңыз:

Тамара Асар дәмі тіл үйіретін наурыз көженің қалай дайындалатынын көрсетті

Мөлдір Әуелбекова: Тобымдағы қыздардың әнші жігіттермен араласуын қадағалап отырмын

Ринат Зайытов Петропавлда өткен ақындар айтысында автокөлік ұтып алды

Зорлық-зомбылыққа қарсы клип түсірген қазақстандық топ жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Талқылау