Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов Петропавлда өткен ақындар айтысында автокөлік ұтып алды 

Петропавл қаласында республикалық ақындар айтысы өтті.  Аталған сайыста белгілі ақын Ринат Зайытов жеңіске жетіп, Renault Duster автокөлігін ұтып алды.

Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Баспасөздің хабарлауынша, «Сал-серілердің серкесі» атты республикалық ақындар айтысы композитор, қолданбалы өнер шебері Сегіз сері Шақшақовтың 200 жылдығына арналған. Облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған кешті Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.

«Айтысқа он алты қызыл тіл шеберлері мен талантты ақындар қатысты. Облыстың тумасына арналған айтулы кеште: Арқалықтан Айбек Қалиев, Алматыдан Ринат Зайытов, Шұғайып Сезімхан, Қазірет Бердіжан, Семейден Рүстем Қайыртайұлы, Қарағандыдан Максат Ақанов,Павлодардан Асланбек Шұғатаев, Талдықорғаннан Болатбек Оразбаев, Өскеменнен Серік Қуанған, Шымкенттен Қайыржан Білдәш, Көкшетаудан Нұрислам Әбділ өнер көрсетті. Айтысқа жиналған қауымға Сараның Әсел Ережеқызы мен Жансай Мусина атты шәкірттерінің өнері қатты ұнады. Солтүстік Қазақстан облысының намысын Жарқын Жұпархан, Әлібек Серғалиев және Мұхаммад Қоңқаев қорғады», – делінген ақпаратта.

Қазақстанның айтыскерлері сайысқа түскен кеште гран-приді Алматы қаласының атынан шыққан Ринат Зайытов алды. Бас жүлде ретінде айтыскерге Renault Duster автокөлігі берілді.

Бірінші орынды және бір миллион теңгені қарағандылық ​​ақын-импровизатор Мақсат Ақанов иемденді.  Екінші орын және 500 мың теңге Батыс Қазақстан облысының намысын қорғаған Жансая Мусина мен петропавлдық Жарқын Жұпарханға тапсырылды.

Ал үшіншісі орын алған алматылық Қазірет Бердіжанға, семейлік Әсел Ережепқызына, сондай-ақ талдықорғандық Болатбек Оразбаевқа 300 мың теңгеден берілді.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымжан Молданазар тойсыз табысқа кенелудің тың тәсілін тапты

Зорлық-зомбылыққа қарсы клип түсірген қазақстандық топ жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Жұлдыз Әбдікәрімова: Үлкен ұлымыз 5 жасында сән сахнасына шыққан (видео)

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеновтың анасы мүгедек жандарға қайырымдылық концертін берді

 

Талқылау