Зорлық-зомбылыққа қарсы клип түсірген қазақстандық топ жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қазақстандық “Джейран” тобы зорлық-зомбылыққа қарсы бейнебаян түсіріп, тыңдармандардың жүрегін елжіретті.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Жылайсың әлі” туындысы отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндейді. Бұл туралы түсірілімге атсалысқан продюсер Тимур Балымбетов былай дейді:

“Бұл клиптен де биік нәрсе. Бұл туынды отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырады. Соңғы кездері әйелдер мен балаларға қатысты жантүршіктірерлік оқиғалар көбейіп кетті. Оларды тоқтатуға болады. Ол үшін әркім өз үйінен, отбасынан бастауы тиіс”.

Сондай-ақ:

“Әркімнің өмірінде болатын ұрыс-керіс жағдайларды өздеріне айна ретінде көрсету. Бәлкім кей адамдар ойланар деп үміттенеміз. Ол сұмдық нәрсе. Сондықтан да біз болып, сіз болып оған қарсы тұрсақ, ол бір күні шынымен де жойылар деген мақсатта түсірдік”, – деді “Джейран” тобының қыздары “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.

Жіберіп алмаңыз:

Жұлдыз Әбдікәрімова: Үлкен ұлымыз 5 жасында сән сахнасына шыққан (видео)

Димаштың жаңа әні Қытайда телехикаяның саундтрегі болып бекітілді (видео)

Қайрат Нұртас төрт баласын халыққа таныстырды (фото)

Еңкейсе іш киімі көрінеді: Жартылай жалаңаш ән айтқан Кәмшат Жолдыбаева елдің сынына қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар