Ақтөбеде Димаш Құдайбергеновтың анасы мүгедек жандарға қайырымдылық концертін берді

Света Айтбаева мүмкіндігі шектеулі жандар алдында өнер көрсетті.

Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына Ақтөбе қалалық филармония ұжымымен келген Света Айтбаева шағын концерт ұсынды. Ұйымдастырылған шара барысында қазақ, қырғыз, орыс тілдерінде ән шырқап, көрерменнің алғысын алды. Қайырымдылық жасауды үрдіске айналдырған әнші келген мүгедек жандарға арнап мерекелік сый-сыяпат үлестірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бұрын Димаш мектепте 9 сыныптан бастап біздің еріктілердің қатарында болып өнер көрсетіп жүрді. Кішкентай ғана қараторы бала жаяулатып, автобуспен, таксимен келіп көңілімізді көтеретін. Студент кезінде де бізбен бірге болды. Әлі күнге дейін бойынан қарапайымдылықты байқаймыз. Осындай баланы дүниеге әкеліп, өнерін ұштаған анасына алғысымызды айтамыз», — дейді Гүлмира Сражова.

Димаштың сәлемін жеткізген анасы қазіргі таңда Димаштың осы күндері Астанада жүргенін жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Еңкейсе іш киімі көрінеді: Жартылай жалаңаш ән айтқан Кәмшат Жолдыбаева елдің сынына қалды (видео)

Мұрат Қожа: Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін, абайлаңыздар

Димаштың жаңа әні Қытайда телехикаяның саундтрегі болып бекітілді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар