Мұрат Қожа: Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін, абайлаңыздар

Мұрат Қожа өз өмірін көпшілікке көгілдір экран арқылы жария қылған журналистерге ренішін айтты.

Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі Айман Нұразхан бұған дейін «Qasaqstan» телеарнасындағы «Бақытты әйел» бағдарламасына сұхбат берген болатын.

«Бастаған екен, нүктені осы жерден қояйын! Кейбір журналист-сымақтарға экранның бетіне енді шыққан. Менің жеке өмірім – ол менің жеке өмірім. Рейтинг үшін жалған ақпараттың қажеті жоқ еді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс бір Аллаға аян. Ақталмаймын. Бірақ, менің өмірімді ортаға салып, талқылауға рұқсат жоқ. Менің рұқсатымсыз мен туралы жазбаса екен. Және қоса кететін бір әнгіме, құрметті ағайын! Әсіресе, қыздар, келіншектер менімен бірге тұратын адам сияқты әнгіме жазудан аулақ болыңыздаршы. Біреуді кінәлап, жала жауып, көрмегенді көргендей әнгіме айтпаңыздар», – деп әнші өзінің ешкімге қиянат жасамағанын айтады желідегі парақшасында. 

“Ол өте үлкен күнә. Тағыда айтам менің өмірім ол тек менің өмірім. Мен кіммен қалай,қашан араласатынымды өзім шешейін. Әрине ақыл айтып, жақсы болсын деген тілектеріңізге раxмет!! Сондада біреудің өміріне кіріспеген жақсы. “Өзгенің отбасы қараңғы орман”сияқты.Сіздер ертең не болатынын білмейсіздер кезкелген адамның басында түрлі жәйлар болып жатады.

Мен ешқашан өзгенің ала жібін аттаған жоқпын. Менің күнәмді,жаман жақсылығымды бір Алла біледі. Сондықтан достар, өзімізді өзіміз жақсы жаққа жетелейік. Мені жек көрсеңіз үндемей жек көріңіз. Өзіңіз үшін жақсы. Маған жаман сөздер жазып мойныңызға негатив іліп алып не керек. Әдемі болып жүре беріңіздер. Журналистер, рейтингтен сіздердің жұмыстарыңа пайда болса жеке бастарыңызға зияны тиіп қалмасын. Біреуге ор қазба өзің түсесің. Абайлаңыздар. Мен өнерде жүргендіктен мен туралы әр түрлі пікір бар,сондада болса сәл сабырлы болыңыздар. Он күнәнің тоғызы тілден. Сіздер менің өмірімді талқылап жыр қылғанмен менің өмірім одан өзгеріп кетпейді. Әй қойшы басқа әнгіме айтайықш”, – дейді әнші.

“Өте дұрыс бауырым. Әркімнің жеке өміріне бас сұқпаған жөн.. Бірақ сізден жастар өнеге алатын түк қасиет жоқ”, “Біреуді ғайбаттап, ешкім опа таппайды”, “Он күнәнің тоғызы тілден деген”, – деп жазады желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесін сотқа берді

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Ер адамның жыныс мүшесімен ойнаған Айжан Байзақова елдің ашуын келтірді (видео) 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар