Тамара Асар дәмі тіл үйіретін наурыз көженің қалай дайындалатынын көрсетті

Наурыз мерекесінің қарсаңында барлық үйде жеті дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Тамара Асар Наурыз мерекесінің басты тағамы – наурыз көжені қалай әзірлейтінін оқырман назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әншінің айтуынша, наурыз көжеге қосылатын қоспалар саны 7-ден асуы тиіс екен. Әр көшенің наурыз көжесі әртүрлі болады деген әнші көжеге сүр ет пен қазы, су, дәнді дақылдар (бидай, жүгері, тары), құрт, сүт, мейіз, тұз қосатынын айтты.

«Наурыз көжеміздің негізгі қайнатылымы сүр ет пен қазыдан тұрады. Ең бірінші, наурыз көженің дәмі ерекше болу үшін құрт қосу керек. Оны ағаш ыдысқа салып, еземіз. Ет пісуге жақындаған кезде езілген құртты саламыз. Ал бидай, жүгері, маш етпен бірге қайнатылады. Ас пісуге жақындаған кезде кепкен жүзім қосуға да болады. Ол наурыз көжеге ерекше дәм береді. Ал ет езіліп кетпес үшін, піскеннен кейін шығарып қоямыз», – дейді Тамара Асар.

Әнші Батыс Қазақстан өңіріндегі наурыз көженің ерекшелігі құрамына міндетті түрде бидай қосылатынында екенін атап өтті.

«Біздің аймақтағы наурыз көженің ерекшелігі, міндетті түрде бидай мен жүгері қосылады. Оны халықтың молдығына балап, ырымдаған деп ойлаймын», – дейді әнші.

Ел-жерді көп аралайтын эстрада жұлдызының сөзінше, ең ерекше наурыз көжені Қызылордада ішкен екен. Ал оның ерекшелігі – құрамындағы бүлдірген.

«Әркім наурыз көжені өзінің шама-шарқы, жағдайы келгенше жасайды. Біз елді, жерді аралап, көп жерді аралаймыз. Әр елден әртүрлі наурыз көже ішеміз. Менің есімде қалғаны, Қызылорда облысында Ақбұлақ деген мұнай-кен орын бар. Сол жердің наурыз көжесі есімде қалып қойды. Оған бүлдірген қосқан. Сүр ет пен бүлдіргеннің қосылған кездегі дәмі өзгеше болады», – дейді әнші.

Бағдарлама барысында әнші піскен етті турап, ас дайын болғанда ғана қазанға салып, басқа қоспалармен бірге бір қайнатып алды. Сонымен қатар ет турайтын тақтаға жұғып қалған қазының майын сорпамен шайып алып, наурыз көжеге қосты. Онысы әр астың мағызын адам өзі жеуі керек дегені екен.

Оқи отырыңыз:

Мөлдір Әуелбекова: Тобымдағы қыздардың әнші жігіттермен араласуын қадағалап отырмын

Ринат Зайытов Петропавлда өткен ақындар айтысында автокөлік ұтып алды

Зорлық-зомбылыққа қарсы клип түсірген қазақстандық топ жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қайрат Нұртастың балалары концертте қандай өнер көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар