Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футболшылар қысқы демалыстарын қалай өткізді

Маусым бойы доп тепкен ойыншылар, желтоқсан, қаңтар айларында демалысқа аттанып, керемет күндерді өздерінің жақындарымен бірге өткізеді. Ендеше, кім, қалай демалып жүр. Назарларыңызға ұсынамыз.

12338554_432350186959606_1304551337_n

Бұл туралы ztb.kz хабарлайды

2

Жаңа жыл басталуы, бұл – демек, қазақстандық футболшылар бізді керемет фотоларымен де қуантады деген сөз.

Ендеше, Бауыржан Исламханнан бастайық. Ол өзінің сүйікті жарымен жаңа жылды ғажайыптар қаласы Дубайда қарсы алды. Бауыржан мен жары дүкен аралап, серуендеп жүрген суреттерін желіге салып, оқырмандарымен бөлісті. Бұл жұп 2015 жылдың күзінде ғана дүрілдетіп тойларын өткізген еді.

Au-HeLTUSiY

Жас отбасылық жұп романтикалық кешкі-ас үстінде.

a0w1442WZjs

Мейлі әйелімен бірге қыдырса да, футболшы ешқашан жаттығу туралы естен шығармайды. Демалыста жүрсе де уақытылы физикалық жаттығуларды жасап тұруы тиіс. Өйткені, ойыншыға демалыс біте салысымен командасына қайта оралып, алаңға шығуға тура келеді.

9iPf31kfpIY

Біріккен Араб Әмірліктерінде, тағы бір қазақстандық футболдың жарқын өкілі Ұлан Қонысбаев та өз демалысын өткізді. Өз сүйіктісімен жаңа жылға дейінгі уақытты Мальдив аралдарында өткізген Ұлан, мешін жылын Араб жерінде қарсы алуды жөн деп тауыпты. Әрине, сол жақта биылғы маусымда бір клубта ойнаған досымен де кездесуге уақыт тапты.

g6YRDTyqGUs

Футболшылар еңбек демалыстарына өздерінің сүйген қызы немесе сүйкімді жарларымен аттанды. Оған оқырмандарына жиі-жиі ұсынған керемет суреттері дәлел.

1

Дегенмен, барлығы бірдей демалысты хауыз жағасында, ыстық өлкелерде өткізуді қалай бермейді. Мәселен, Алматылық “Қайраттың” украиналық жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук демалыс кезінде Санкт-Петербургқа барып, “Зениттегі” бұрынғы командалас достарымен бір уақ доп теуіпті. Әрине, бұл фото Тимощук өзінің екінші үйіндей болып кеткен сүйікті клубына қайта оралмас па екен деген де сауал тудырды.

uY3A07Z9LUs

2015 жыл Каньяс үшін қуанышты жыл болды. “Астана” футбол клубы ойыншысының отбасы тағы бір адамға көбейді. Сондықтанда колумбиялық ойыншы жаңа жылдың алғашқы күндерін керемет отбасылық атмосферада қарсы алыпты.

D6IgKPyNPrw

Ал қазақ футболының қазіргі көшбасшысы Самат Смақов демалыс күндерін Европа елдерінде өткізді. Алдымен, қазақстандықтарды мерекемен құттықтаған Сэм, Диснейлендке ат басын бұрған.

X3iIxJrmRVA

Смақовтар отбасы Парижге де барып, Елисей алаңында естен кетпес кеш өткізді.

Талқылау