Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Риода ерекше ойын көрсетті (видео)

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада кезінде көрермендерді өз өнерімен таң қалдырды.

ералиеввввв

Олимпиада ойындарының 1/16 финалында Ералиев шаршы алаңға 2013 жылғы әлем чемпионы Джавид Челебиевке қарсы шықты. 56 келіге дейін салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз бұл жекпе-жекте 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қайрат Ералиев 1/8 финалдағы кездесуін Астана уақытымен 15 тамыз күні сағат 2:30-да өткізеді.


Жанкүйерлері қазақстандық боксшының соңғы раундта көрсеткен өнеріне тәнті болды. Ералиев қорғану кезінде ерекше тактика қолданды.  Қарсыласы қанша соққы бағыттаса да, тигізе  алмады. Жұрт Ералиевтің қорғанысын Моххамед Әлидің стиліне ұқсатуда.

1977 жылы аты аңызға айналған боксшы Мұххамед Әли Майкл Доукске қарсы өткізген жекпе-жегінде дәл осылай шеберлік танытқан болатын. Әли 10 секундтың ішінде 21 соққыдан жалтарып кеткен.

Талқылау