Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ауруын ұмыттырған қасиетті жер туралы айтып берді

Алматы облысында тамшылап аққан суының емдік қасиеті мол ерекше таулы жер бар. Ерекше бастау 7 метр тереңдікте орналасқан. Аталған аймаққа бір кездері ерлі-зайыпты зерттеушілер Томас пен Люси Аткинсон келіп тоқтаған. Сол түні ұлдары дүниеге келіп, атын “Алатау-Тамшыбұлақ” деп қойған екен. Бүгінде Тамшыбұлаққа көптеген адамдар келіп, түрлі ауруларын емдеп жазуда.

4985650650765

Бұл туралы “Қайырлы таң, Қазақстан” бағдарламасында айтылды.

67 жастағы Орал Қырықбаев көп жыл бұрын жүрек талмасына ұшырап, төсек тартып жатып қалған екен. Ол достарының кеңесімен Тамшыбұлаққа барып, күн сайын суын ішіп, жуынатын болған. Осыдан кейін аяғынан тік тұрып, бүгінде барлық ауруын ұмытқан-ды.

“1996 жылы жүрек талмасына ұшырап, жатып қалдым. Аудандық, облыстық ауруханаларға жатып шықтым. Нәтиже болмаған соң осы жерге келіп күнделікті жуына бастадым. Бастапқыда достарым әкелетін. Кейін өзім велосипедпен келетін болдым. Қазір аурудың не екенін ұмыттым”, – дейді Орал мырза.

Бір кездері аталған аймаққа Шоқан Уәлиханов та жиі келетін болған екен. Ол халық арасында таралған бірнеше аңыз жазып алған. Айтуларынша, Хан қызы шопан жігітке қатты ғашық болып қалады. Махаббаттары шытырман оқиғаға ұласып, ақырында осы жерде екеуінің қаны тамады. Қаны тамған жерден су шыққан екен.

Жыл сайын Қапал ауылында орналасқан Тамшыбұлаққа 5 мыңға жуық адам келеді. Жергілікті билік бастаудың жанына шипажай салмақ. Инвесторлар бұл жобаның табысты болатынын айтып жатыр.

“Қазір біз тұрған аймақта тау өте көп. Сол себепті аспалы жол салуды жөн көріп отырмыз. Мұнымен қатар, келушілердің тау бөктерін атпен аралағандарын қалаймыз. Бұдан өзге жабайы шипажай бар. Қыста ол жерге бару қиын. Адамдар тек жаз уақытында бара алады”, – дейді Қапал ауылы әкімдігінің бас маманы Владимир Чепель.


Тағы да оқыңыз:

7 жасар баланың үш тілегі көпшіліктің жүрегін елжіретті

Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

Ерлі-зайыпты 88 мүгедек баланы асырап алған

Сарапшы: Шындығында емші бала Ербосынның адамдарды емдей алатын қасиеті жоқ

Талқылау