Қазақстандық арулардың «Еркек болсаң дәлелде» атты бейнебаяны жұртты шошытты (видео)

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 13:31

Kween-T & Bella Moore және Dj Atom даудың ортасында қалатын секілді. Неге дейсіздер ғой? Олар дөрекі стильдегі «Еркек болсаң дәлелде!» атты бейнебаянын жарыққа шығарды.

Screenshot_6

Ашық-шашық киініп, әдепсіз қыздардың образына енген қыздар ерлер қауымына «Еркек болсаң, сөзіңмен емес, ісіңмен дәлелде» дегенді жеткізгісі келген.

Желі қолданушыларының басым бөлігі аталмыш туындыға жағымсыз пікірлер қалдырған:

«Мұндай топтар ұзаққа бармайды, өнер адамы халықтың қарғысын емес, батасын алуы керек», «Батысқа еліктеуді қою керек», «Клип түсірмей тұрып ойлансаңдаршы, мыналарың не?», «Қыздың даусы ащы. Бір сөз түсінбедім», «Қыздар К-поп азырақ көріңдер», «Осыларды да қазақ қыздары дейді-ау», «Шетелдіктер қазақ қыздары туралы не ойлайды? Алып тастаңыздар».

Есесіне жаңа бағытты, бұрын-соңды болмаған образды жақтап, мақтағандар да баршылық. Клиптің идеясын жоғары, ал қыздардың өнерін өте төмен бағалағандар саны көп. Сіз не дейсіз?


Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Әнші Серік Ибрагимов сүйіктісіне сырға салды (фото)

Саят Медеуов: Қызым біреуге тоқал боламын десе, қарсы емеспін

Валерий Меладзе: Жұбайым қазақ ұлтынан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • қазақ қызы says:

    Осындай уяттан безген саны бар сапасы жоқ, халыққа берер ешбір тәлім тәрбиесі жок , ешбір құны жоқ осындай клиптар “Гәкку” телеарнасынан көрудің өзі ерсіз көрінеді екен. Мына “Гәкку” сөзінің мән мағынасын білеме екен, осындай қазақи сөзімізді осындай бетсіздерге қор қылғанша бұл телеарнаның атын өзгерткен дұрыс шығар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  • Анонимно says:

    Қазақша айтпау керек мына қыздарға, шетелдің өлеңін айту керек мына киім мен іс қимылдарына, қазақ деген атқа мынау іс қимыл мүлдем жараспайды. Бір сөзбен айтқанда масқара !!!!

  • Анонимно says:

    Негізі шынымды айтсам өте дəрежелері төмен қыздардың! Түк жараспайды! Қазақ қыздары шамалы ойланыңдаршы!

  • Жұмбақ жан says:

    Оздери биледи айтеур акша тауып журго

  • Анонимно says:

    Керемет, жақсы, бұл еліктеу емес, өмір ағымы көштен қалмаған жақсы, қалайық, қаламайық, жахандану үрдісі, мойындау керек,

  • Кз says:

    Гəкку арнасы осыларды неге шығарады.

  • Анонимно says:

    кыздарымыздын осындай куйге жеткени маскара!

  • мадөш says:

    мыналарды 91 тобымен салыстыруға келед екен

  • Анонимно says:

    Масқара

  • Анонимно says:

    Шет елге елыктегенды кою керек казактарга жараспаиды сонмен катар олар сиякты ан де аита алмаиды

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар