Валерий Меладзе: Менің әйелім – қазақ

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 9:13

Ресейлік танымал әнші Валерий Меладзе Астанада өткізген концертінде жұбайының қазақ екенін айтып, жанкүйерлеріне ерсі қылықтар жасамауды, әншінің бетінен сүйіп тұрған суреттерді желіде жарияламауды өтінді.

meladze

Астана тұрғындары Меладзені құшақ жая қарсы алды. Әсіресе, нәзік жандылардың әншіге деген ықыласы ерекше байқалды, деп хабарлады Экспресс-К.

Десе де, Меладзе өзімен суретке түскісі келіп, бетінен сүюге ниет білдіргендердің бетін қайтарған жоқ. Тек: «Әйелім – қазақ. Сүйіп тұрған суреттеріңізді желіге жарияламаңыздар», – деп ескертті.

Екі сағат бойы ресейлік әнші талмай, шаршамай, тек жанды дауыста ән айтты. Айта кететін жайт, Меладзе 25 жылдан бері өзімен бірге сахнаға шығатын музыканттарды ауыстырған емес.

Концерт барысында Валерий Меладзе грузин тілінде ән орындады. Сөз арасында әнші қай елге барса да өзін шетелдік сезінетінін, алайда Қазақстан оған екінші отанындай болып кеткенін айтты.

«Қазақстанда өзімді шетелдік сезінбеймін», – деді ол.

«Три реки» әнін орындау үшін Меладзе көрермендер арасынан үш аруды сахнаға шығуға шақырды. Алайда ниет білдіргендер саны 3 емес, 33-тен асты. Маэстро таңданысын жасырмады:

«Қыздардың көптігі мұхиттай», – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Валерий Меладзе алғашқылардың бірі болып Батырхан Шүкеновтің ұлына көмек қолын созған. Ол кіші Шүкеновтің оқу ақысын төлеп берді. Ал марқұм болған Батырханмен ол жақын дос болған. Жуырда ғана Алматыға келген Меладзе Шүкеновке арналған фотокөрмеге атбасын бұрды.

Алан ИСАЕВ

Жіберіп алмаңыз: 

Батырхан Шүкеновтен аумайтын ер адамның рөліне кастинг жарияланды

Эстрада жұлдыздары қандай жағдайда концерттен бас тартуға болатынын айтты

Актер Бен Стиллер қатерлі ісік ауруына шалдықты

Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар