Қайрат Нұртасты жақсы көретін жапон қызы қазақ әндерін нақышына келтіре шырқайды (видео)

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 11:19

Жапон қызы Мидзуки Накамура кішкентайынан шетел әндеріне құмартып өсіпті. Өсе келе қазақ әндеріне ғашық болған ол, бірден үйренуге кіріскен. “Ақбақай” әні қазақ мәдениетіне деген махаббатымды оятты” дейді ол.

9ed795ca3472ff678c8a9bd639cfafd3

Бұл туралы el.kz хабарлайды.

23 жастағы Мидзуки “Желсіз түнде жарық ай”, “Қамажай”, “Құсни-Қорлан”, “Ақ жайнақ”, “Арыс жағасында” сияқты бірталай әндерді нақышына келтіре шырқайды.

66f6fc72f947411cffd567c52e0287ae

“Қазақ әндерін алғаш тыңдағанымда, Қазақстанның таңғажайып ән мен күйдің отаны екенін түсіндім. Мектеп бітірген соң, Цукуба университетіне оқуға түстім. Университетте ТМД елдерінен келген студенттер, магистранттар көп. Олармен достасып, 1 курстан бастап орыс тілін үйрендім. Қазақстандық достарыммен бірге ән айттық, биледік. Қазақ халқының ұлттық тағамы – етті де астық. Қазақтар – өте қонақжай, ашық халық”, дейді әнші қыз.

beb59807a1e16e94e7106f8427e86cbd

Қазақ жастарымен араласу арқылы ол ерекше әсер алып, ол қазақ халқын, дәстүрін, мәдениетін тіпті жақсы көріп кеткен.

“Эстрада, халық әні, попса жанрындағы барлық әндерді ғаламтор арқылы тыңдап жүремін. Ал әншілерден Қайрат Нұртас пен КешYOU тобының әндері ұнайды”, – дейді ол.

bdef4007ddc2edc53a1e89810bdaa30c

Өнерлі қыз қазір Цукуба университетінде магистратурада “лингвистика және Орталық Азия бойынша аймақтану” мамандығында оқиды. Бірнеше жылдан бері Орта Азиядағы тіл саясаты, оның ішінде татар тілінің жағдайы туралы зерттеп келеді. Сондай-ақ, ағылшын, орыс, татар және өзбек тілдерін жақсы меңгеріпті. “Сонымен бірге, башқұрт, қазақ, ұйғыр, түрік, тәжік тілдерін де жақсы түсінемін. Қазір қытай, кәріс, парсы тілдеріне қызығып жүрмін” дейді Мидзуки.

Әнші қыз келесі жылы Қазақстанға келуді де жоспарлап отыр.

Ая Өміртай.

Оқи отырыңыз:

Саят Медеуов: Қызым біреуге тоқал боламын десе, қарсы емеспін

Майғазиев: Қоғамда бір түндік жас қыздар көп

Қазақ эстрадасындағы киіну стилін өзгертпейтін жұлдыздар

Ұлықпан Жолдасов өзін рушыл санайтын тыңдармандарына жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар