Ұлықпан Жолдасов өзін рушыл санайтын тыңдармандарына жауап берді

Сәрсенбі, 5 Қазан , 2016 14:37

Шоу-бизнес көшіне «Каспий», «Заман» сынды топтарды қосқан Ұлықпан Жолдасовты жұрт жершіл, рушыл санайды. Оған себеп – продюсердің қарамағында болған “Каспий” және қазіргі “Заман” топ өкілдерінің еліміздің батыс өңірінен болуы. Композитор әрі продюсер Ұлықпан Жолдасов өзін рушыл, жершіл санайтын тыңдармандарына жауап берді.

лукпан

«Каспий» деген топты шығарып едім. Соны көріп алды да, бұл тек қана батыстың жігіттерін тартады деген әңгіме пайда болды. Әрі батыстық жігіттерден құралған «Заман» тобы да бар», – деді Жолдасов КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасына берген сұхбатында.

Продюсер өзіне қарсы айтылған пікірлерге дәлелмен жауап берді. Өз сөзіне зер салайық:

«Басқа өңірден шыққан талай өнерпазбен жұмыс істедім. Олардың арасында Тоқтар Серіков, Саят Медеуов, Нәби Аймұратов, Әділ Сламхан бар. “Бастау” тобындағы Ерасыл Қарағандыдан, Алматыдан – Айбар Жақсыбаев бар. Көп қой шынын айтқанда. Мысалы, «Диета.кз» тобы Шымкенттен. Елдің бәрі бір «Каспий» тобын көріп қалған».

Ал «Заман» тобының әншісі Ерген Айтымбетовтің мына пікірі продюсерінің сөзіне қайшы келіп тұрғандай:

«Үйретілген ит болады. Өзің сол итті жақсы көріп тұрасың ғой. Бөтен ит кіріп кетсе, оны үйрету қиын болады. Біздің, батыс жақтағылардың тілі ұқсас келеді. Арасында былапыт сөздер айтса, оны да көтереміз. Бәлкім сол жағынан ыңғайлы болған соң тартатын шығар деп ойлаймын».

14374007_1769921106616156_7211565413597970432_n

Есесіне Жолдасов мырза «жерлестерімді емес, таланттыларды қолдаймын» деп ақталуда.

«Жерлестің де жерлесі болады. Мысалы, өлеңді жаман айтып, сапасы жоқ, «әләу-лау» деп жүрген біреуді шығарсам, сол кезде айтса, мүмкін басқаша көзқараспен қарар едім», – деді Жолдасов.

Жіберіп алмаңыз: 

Эстрада жұлдыздары қандай жағдайда концерттен бас тартуға болатынын айтты

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Баян Мақсатқызы біреудің ақшасына күн көретін әйелдерге үндеу жолдады

Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірген Есболат Беделхан халықтың жауыздығына қайран қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Қазақты осы рушылдық пен жершілдік құртады,олай бөлінбеңдер бөлінгенді бөрі жейді,қазақ руға бөлінбейді рудан құралады.Ру деген негізі туыстық қатынасты сақтау үшін жəне қан тазалығын сақтау үшін қолданылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар