Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Серік Ибрагимов сүйіктісіне сырға салды (видео)

Қазанның 5-і күні Серік Ибрагимов сүйіктісіне сырға салды. Әншінің таңдауы Айнамкөз есімді алматылық бойжеткенге түскен екен. Бүгін Айнамкөздің ұзату тойы болып жатыр. Ал үлкен той қазан айының 12-сіне жоспарланған.

серик0610

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында Серік Ибрагимов өзінің сүйіктісіне романтикалық ұсыныс жасаған болатын. Айнамкөз есімді бойжеткен өз кезегінде келісімін берген. Ғашықтар той күнін қазан айына белгілепті.

Қыз ұзату Алматы қаласында қазанның 6-сы күні өтсе, араға бес күн салып беташар әншінің туған ауылында жасалмақ. Яғни үлкен той қазанның 12-сі күні Қызылорда қаласында өтеді.

Сүйінші хабарды Серік Ибрагимовтың продюсері Алтынбек Рахметов бөлісті. “Бүгін сырға салды. Ертең ұзату болады. Жастар бақытты болсын”, – дейді Алтынбек мырза. Әншінің қуанышына желі қолданушылары да ортақтасты. Олар өз кезектерінде жас жұбайларға бақыт тіледі.

258955

Сүйіктісінің алматылық бойжеткен екені ғана белгілі. Екеуі бес жылдан бері кездесіп жүр екен. Яғни Серік Ибрагимов танымал болмай тұрып жүре бастаған. Естеріңізде болса, жұрт әншіні осы уақытқа дейін Кәмшат Жолдыбаевамен қосқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Қобызшы Ақерке Тәжібаеваға сырға салды (фото, видео)

Айгүл Иманбаева Майғазиевтің жұрттан жасырған құпиясын жайып салды

Қайрат Нұртас орыстарды қазақша ән салдырып билетті (Видео)

Ақерке Тәжібаева өз тойында қобызбен күй тартып қонақтарын қуантты (видео)

Талқылау