Қайрат Нұртас орыстарды қазақша ән салдырып билетті (Видео)
Қайрат Нұртас әлеуметтік желілердің бірінде өзінің орыс ұлтының тойында болған және орыс бүлдіршінмен бірге қазақша ән айтып тұрған сәтін жариялады.
“Орыс ағайындардың тойынан естелік”, – деп жазады әнші Инстаграм парақшасында kair_n.
Орыс ұлтының баласымен қазақша ән айтып тұрған Қайратты көрген желі қолданушылары оның бұл әрекетін жоғары бағалап, ыстық ықыласын білдіріп жатыр.
“Жарайсың, Қайрат!!! Орысша білмейді дейді кейбіреулер сені, дей берсін. Қайраттың өнерін сүйгендер керісінше қазақша үйреніп жүр, тойына шақырып. Орысша сөйлейтіндердің кұлағына алтын сырға. Өз тілінді кұрметтемесең, білмесең өзге ұлт үшін де құнын көк тиын”, – деп жазады қолданушылардың бірі.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды