Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы Стоунхендж: Жоңғар Алатауында ірі монолит тастар табылды

Ресейлік блогер Сергей Али Жоңғар Алатауында бағзы замандағы алып монолиттерді тауып алды. Ең үлкенінің биіктігі 23 метрге жетеді екен.

9b075bae58c535a735013008bbaca4cb

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Бір қызығы, бұл монолит тастар 1845 жылдың өзінде ағылшын саяхатшысы Томас Витлан Аткинсонның жазбаларында жазылған екен.

Сергей Алидың ойынша, әлемдегі ең үлкен монолит Қазақстан аумағында орналасқан. Блогер оған «Жоғалған» деген ат қойыпты. Өзінің саяхаты кезінде Томас Аткинсон бұл монолитті Қараой өзенінен тапқан. Бұл ірі бағаналар өзге бірнеше құрылыстың қасында орналасқан. Қандай мықты болса да мұндай ірі тасты ешкім қозғай алмас еді.

d7876d55c31dc5a0c4803c88aea9a515

«Орталық Азияға саяхаты кезінде Томас Аткинсон, жүріп өткен жолын сызып шыққан. Сондықтан оны қандай да бір мистикаға қатысы бар деп күдіктене алмаймыз. Ол тіпті не үшін керек? Аткинсон керемет саяхатшы, архитектор, суретші және масон болды», – деп пікір білдіріпті Сергей Али. 

Тиісінше Сергей, аталған тастар Қараой өзенінің қасында емес, Қатынсу өзені жағалауында тұрғанын айтады. Дәлел ретінде ол «Гуглдың» спутниктік схемасын көрсеткен. 

7bdc2da1448fc9a39b412e8796311874

Бұл монолиттер сөз жоқ әлемдік сенсация. Бұл адамзаттың ұлы әрі құпия қаруы іспетті.

«Қазақша Стоунхенджге» қызыққан туристер бүгінде, Жоңғар Алатауына жиі келіп жатыр.

Талқылау