Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ең жас мәжілісмен қазақ қызына үйленді

28 жастағы мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских шаңырақ көтерді.

Сурет: facebook/@Геннадий Шиповских

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Геннадийдің сүйіктісінің есімі – Мөлдір. Қос ғашықтың тойы Қызылорда мейрамханаларының бірінде өтті. Мәжілісмен 1989 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл ауылында дүниеге келген. Ол 2004 жылы әкесі Шиповских Геннадий Павлович пен анасы Куликова Лидия Николаевна қайтыс болғаннан кейін Макаренко атындағы балалар үйіне тапсырылған болатын.

Сол жылы оны бес баланың ата-анасы атанып отырған фермер Мұрат Насыров пен әйелі Баян Бимағанбетова асырап алған. Геннадий өзін “кеудесінде қазақтың жаны бар орыс” деп атайды.

“Қазақ тілінің жақын болып кеткені соншалық, осы тілде ойлаймын. Қазақ балабақшасына барып, қазақ мектебінде оқығанмын. Балалық шағымдағы достарымның барлығы – қазақ. Өзімді де нағыз қазақ сезінемін”, – дейді ол.

Ол 2016 жылдың 24 наурызынан бастап ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болып тағайындалған.


Жіберіп алмаңыз:

Жабайы түлкінің әрекеті ШҚО тұрғындарын таңғалдырды (видео)

Батыс қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Apple қызметкерінің баласы iPhone X туралы мəліметтерді жариялағаны үшін жұмыстан кетті

Талқылау