Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда рубль бағасы рекордтық деңгейге жетті

Нарықтағы мұнайдың арту көрсеткіші қысқаруда. Бұл өз кезегінде “қара алтын” бағасының көтерілуіне себеп болды. Осының әсерінен еліміздегі айырбастау бекеттерінде рубль құны шарықтап кетті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

hghg

Сурет ntv.ru

Brent маркасы бір күн ішінде барреліне 53 долларға жақындай түсті. Ал WTI болса 52 долларға дейін қымбаттаған.

Бұл әрине инвесторлардың көңіл-күйін көтеретін құбылыс. Енді көміртегі де мұнай бағасы секілді қымбаттауы мүмкін. Ендігі нарық құбылысы сұраныс балансы мен мұнайға деген ұсынысқа байланысты. АҚШ-та өткен аптада коммерциялық қосалқы қор 2 миллион баррелге дейін қысқарған. Сонымен қатар, Канададан Нигерияға тасымалданатын мұнай да үзіліске ұшырап тұр. Мұның барлығы оның қымбаттауына әкеліп соқты.

Ал мұнай бағасы валюта курсына өз әсерін тигізді. Теңге мен рубль күшейіп, доллар сәл бәсеңсіді. Америка валютасы бейсенбі күні 331-333 аралығында саудаланған. Евро тұрақты күйде қала беруде. Айырбастау бекеттерінде евро 379 теңгеге сатылған. Ал рубль рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 5,24 теңгеге дейін жетіп отыр.

Талқылау