Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Аралды сақтауды қолдау мақсатында Araldy Saqta төлем картасы іске қосылды

Freedom Bank және Mastercard халықаралық төлем жүйесі Арал теңізін сақтау бойынша қайырымдылық бастамасын жариялады және Araldy Saqta төлем картасын ұсынды. Оны төлеген кезде әрбір сатып алудан 10%-ға дейінгі мөлшерде кэшбэк Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорына аударылады.

Қатысу үшін Freedom SuperApp қосымшасына немесе Freedom Bank филиалдарының Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларындағы картоматтарына Araldy Saqta арнайы картасын онлайн ашу қажет. 
Таяз болғанға дейін Арал теңізі көлемі бойынша әлемдегі төртінші үлкен көл болды. Бүгінде ол экологиялық апаттың нысанасына айналды. Су қоймасының кең көлемде кебуі су көлемінің 90% жоғалуына әкелді. Мұның себебі – аймақтық ауыл шаруашылығы үшін суды кеңінен пайдалану. Нәтижесінде 5,4 млн гектардан астам жер тұзды шөлге айналды (қазақстандық бөлігі шамамен 2,2 млн гектарға тең). Су  қоймасын қалпына келтіру және жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ проблемалар маңызды болып отыр. 

Araldy Saqta төлем картасы Арал теңізін құтқаруға үлес қосып қана қоймай, оның иелеріне бірқатар артықшылықтар береді. Жаңа өнім қаражатты алуға және аударуға, сондай-ақ депозитте қаржыны үнемдеуге және банктен соманың қалдығына ай сайынғы сыйақы ала отырып, сатып алуларды тікелей картадан лезде төлеуге мүмкіндік береді (соманың қалдығы – 100 мың теңге). Бұл ретте қосымшаға кіруге және ағымдағы және депозиттік шоттар арасындағы аударымдарға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ, өйткені олар автоматты түрде жүргізіледі. Карта бір уақытта теңгемен, доллармен, еуромен және рубльмен шығарылады. 

Карта адамдарға Қазақстанда және бүкіл әлем бойынша Mastercard карталарын қабылдаудың 100 миллионнан астам нүктесінде күнделікті сатып алуды жеңілдету үшін халықаралық төлем жүйесінің қауіпсіздігі мен артықшылықтарына кепілдік беретін Masterсard озық технологияларын пайдаланады.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank-тың Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі:

"Арал теңізінің құрғауы – Қазақстанның үлкен қасіреті. Біз су айдынын құтқарудың маңыздылығын түсінеміз және барлық қазақстандықтар сияқты оның тағдырына алаңдаймыз. Біз Аралды құтқаруды қолдауға үлес қосқымыз келді. Сондықтан Freedom Bank Mastercard-пен бірлесіп арнайы Araldy Saqta картасыншығаруға бастамашылық етті. Оның артықшылығы - қайырымдылық жарнасын жасау үшін әр уақытта осы ұйымдарды іздеу және аударым жасау үшін қосымшаға кірудің қажеті жоқ. Сіз картаны бір-ақ рет ашасыз да, содан кейін әрбір сатып алуыңыздан жоғары кэшбэк автоматты түрде Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорына жіберіледі. Мұндай бастамалар біздің ғаламшарымыздың осы бұрышын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға көмектеседі деп сенеміз".

Freedom Bank бұл бастаманы Freedom Holding Corp. пен Қазақстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен ынтымақтастығы шеңберінде іске асырды.

Рафал Трэпка, Орталық Азиядағы Mastercard-тың бас директоры: 

"Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі әрқайсымызға кері әсер етеді. Біз бұл жағдайда бизнес экологиялық жауапты болуы керек деп санаймыз, өйткені экономикалық өсуге ғаламшар ресурстарының сарқылуы арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Mastercard-та "Жақсылық жасау арқылы әлемді жақсарту" деген маңызды қағида бар. Сондықтан, осы идеямен бөлісетін серіктестермен бірге біз компаниялардың тұрақты дамуға бағытталған күш-жігерін біріктіруге және қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай үлес қосуға тырысамыз. Бүгін біз қауіпсіздікті, сенімділікті және пайдаланудың қарапайымдылығын, сондай-ақ Mastercard ұсынатын және белгілі бір экологиялық акцияға қатысуға бірегей мүмкіндік беретін барлық мүмкіндіктерді сақтайтын тағы бір Mastercard картасын ұсынамыз. Біз бұл жобада Freedom Bank-тің серіктесі болуға қуаныштымыз, өйткені біз оны әлеуметтік жауапты бизнестің жарқын үлгісі және қоршаған ортаны қорғаудағы маңызды қадам деп санаймыз".

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды. Қазақстан Ұйымды үш жыл бойы басқарады және Арал теңізін құтқаруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысуды жоспарлап отыр.

01.02.2023 берілген № 1.2.108/43/250 ҚНРДА лицензиясы
 

Талқылау