Қазақстанда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев адвокаттардың қызметіне қатысты жаңа жүйені енгізу ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

адвокат-1

Марат Бекетаев адвокаттардың жылына белгілі бір сағаттар көлемінде халыққа тегін қызмет көрсетуіне міндетті болатын жүйені енгізу ұсынысын жасады.

«Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Қазақстанда адвокатура институтын дамыту үшін «Probono» жүйесін енгізу қажет. Ал оны енгізу үшін адвокаттарды азаматтарға заңгерлік көмекті жылына тиісті сағаттар көлемінде бюджеттік өтеусіз көрсетуге міндеттеу қажет.  Сонымен қатар қорғаушы тоқсан сайын алқаға аталған көмекті көрсету бойынша есебін таныстыруы тиіс», – деді министр мәжілістегі үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, «Probono» жүйесі халықтың әлеуметтік әлсіз тобына ақысыз заңгерлік көмекті қамтамасыз ету қадамын ескереді.

«Азаматтардың заңгерді таңдау кезінде бұл жүйе ең маңызды өлшем болып табылады. «Probono» аясындағы сапалы жұмыс заңгерге сенімді арттырады және ол үшін табыстылықтың салмақты нышаны болып табылады», – дейді Бекетаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Қазақстанда қорғаушылар жетіспейтіндігін және олардың қызметі құны азаматтар үшін тым қымбат екенін айтқан болатын.

Тағы да оқыңыз:

Елбасы “Болашаққа” бөлінетін ақшаның бір бөлігін Назарбаев университетіне аударуды ұсынды

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Нұрсұлтан Назарбаев: Маған президент болуды университетте үйреткен жоқ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар