Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 32°C-қа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" баспасөз қызметі антициклон сілемі бойынша еліміздің көптеген аймағында жаңбыр жаумайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels

"Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғады. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен қоса, екпінді жел болады", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сонымен қатар күндізгі ауа температурасы батыста және оңтүстікте +25 және +32 °C , солтүстікте және орталықта +20 және +28°C  аралығында ысиды. Ал еліміздің шығысында +17 және +25 °C  күн ақырындап жылиды.



Еске салайық, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде мамыр айында 40 градусқа дейін аптап ыстық болатыны туралы жазған едік.

Талқылау