Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай ауылдар қала статусын алады: Тізімі шықты

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mixyfotos.ru

Қалаға айналуы мүмкін елді мекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы ауылдар бар:

  1. Қарғалы ауылы (Алматы облысы);
  2. Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы);
  3. Боралдай ауылы (Алматы облысы);
  4. Ұзынағаш ауылы (Алматы облысы);
  5. Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы);
  6. Қордай ауылы (Жамбыл облысы);
  7. Жаңақорған ауылы (Қызылорда облысы);
  8. Шиелі ауылы (Қызылорда облысы);
  9. Әйтеке би ауылы (Қызылорда облысы);
  10. Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы);
  11. Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы);
  12. Маңғыстау ауылы (Маңғыстау облысы);
  13. Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы);
  14. Рахат ауылы (Маңғыстау облысы);
  15. Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы);
  16. Манкент ауылы (Түркістан облысы);
  17. Ақсукент ауылы (Түркістан облысы);
  18. Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы).

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда 10 мыңнан астам халқы бар 112 ауыл бар екенін, Заң бойынша олар қала статусын алу керектігін айтқан еді. 

Талқылау